Әлемге аты әйгілі болған әнші Димаш Құдайбергеновтың гала концерті! 791

Сенбі күні 21.00-де Димаш Құдайбергеновтың концертін бірге тамашалайық!

Отбасына, әйелдер қауымына арналған бағдарламалар – 31 арнада!

31 арнаның биылғы көктемі ауқымды тұсаукесерлермен басталды және көрермендерді қуантуға, танымдық ақпараттар беріп, жақсы көңіл күй сыйлауға уәде етеді.

31 арнамен бірге қонақжайлықты сынайық! "Кім күшті" жобасы!

Жақында 31 арнада Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі.

10 сәуірден бастап 31 арнада МЕГА-БАЙҚАУ басталады!

31 арна атынан Түркияға жолдама және басқа да көптеген сыйлықтар ұтып алыңыз!

"Кухня" телесериалы қайта оралды! 424

24 сәуір күні 19.00-де "Кухня" телесериалы 31 арнада!

Қытайдағы "Im a Singer" жобасының жүлдегері Димаш Құдайбергеновтың айтылмаған сырлары! 1260

22 сәуір күні 21.00-де Д.Құдайбергеновтың эксклюзивті сұхбаты тек біздің арнада!

31 арна жақсы көңіл-күй сыйлайды!

15 сəуірден бастап 31 арнада қазақ тіліндегі «Əзіл Студио» əзіл-сықақ бағдарламасының жаңа маусымы эфирге шығады.

Видео

21.04.2017

ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент шенеуніктердің шаңын қақты

48 күннен кейін ашылатын ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент бүгін Астананың бетін ғана жуып-шайып қойған шенеуніктердің шаңын қақты. Ескі үйлердің суретін елорда басшысы Әсет Исекешевке көрсетіп, экс-әкім Әділбек Жақсыбековтің тұсында мұндай былық болған емес деп сөкті. Мемлекет басшысы шенеуніктерге тура Ақорданың қасындағы сынып жатқан тас тақталарды көрсетіп, "қонақ күтсек, ең болмаса мойнымызды жуайық" деген кекесінді кеңес айтты.

21.04.2017

Тасқын енді Петропавлға қауіп төндіріп тұр

Еліміздің солтүстігінде онға жуық ауылды басқан тасқын суы енді Петропавлға қауіп төндіріп тұр. Тасыған Есіл өзені қала іргесіндегі үш бірдей шағын ауданды шайып кетуі мүмкін. Сол себепті әкімдік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіруге дайындалып жатыр. Айта кеткен жөн, биыл Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі үш жарым метрге дейін көтеріліп, соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткішіке жеткен.

21.04.2017

Ақмола облысында суға кеткен үйлердің шығынын есептеу басталды

Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы 300-ден астам суға кеткен үйдің шығынын есептеу басталды. Тұрғындар тасқыннан кейін бүлінген үйлерін көрудің өзі ауыр екендігін айтады. Тіпті араларында жарамсыз баспанасын көріп жүрегі ауырып, кейбірі көз жастарын мүлдем тия алар емес.

21.04.2017

Бұдан былай Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі мүмкін

Бұдан былай Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі мүмкін. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев саяжайда заңсыз салынған баспаналарды толығымен сүріп, орнына басқа жерден жер телімін беру керек деді. Және қауырт жұмыстың орындалуына екі жыл уақыт берді. Бірақ өңір басшысы жер берілгенімен, үй құрылысы жағына әкімдіктен көмектің болатын-болмайтынын айтқан жоқ. Ал бұған дейін атқарған істеріне разы болған халық, бұл жолы әкімді қолдай қоймады.

21.04.2017

Астанадағы зәулім үйдің 17 қабатынан лифт құлады

Астанадағы зәулім үйдің 17 қабатынан лифт құлады. Төменге қарай зырғыған жеделсаты 9 қабатта ғана тоқтапты.

21.04.2017

Алматыдағы барлық колледждер арасында тұңғыш спартакиада басталды

Алматыда қала аумағындағы барлық колледждер арасында тұңғыш спартакиада басталды. Алайда бұл спорт мерекесінде студенттер емес, тек білім беруші ұстаздар ғана бақ сынайды. Спорттың 10 түрінен өтетін ауқымды іс-шараға 32 колледж қатысуға ниет білдірген. Алғашқы спартакиаданы өткізу орны ретінде Жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі таңдалыпты.

20.04.2017

Қытайдағы "Im a Singer" жобасының жүлдегері Димаш Құдайбергеновтың айтылмаған сырлары!

22 сәуір күні 21.00-де Д.Құдайбергеновтың эксклюзивті сұхбаты тек біздің арнада!

20.04.2017

Әлемге аты әйгілі болған әнші Димаш Құдайбергеновтың гала концерті!

Сенбі күні 21.00-де Димаш Құдайбергеновтың концертін бірге тамашалайық!

18.04.2017

"Кухня" телесериалы қайта оралды!

24 сәуір күні 19.00-де "Кухня" телесериалы 31 арнада!

21.04.2017

Ресейдің Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік деп таныды

Ресейдің Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік деп танып, қызметін жалғастыруға тыйым салды. Сот шешімі бойынша бірлестікке тиесілі барлық мүлік пен банктердегі шоттар мемлекеттің пайдасына аударылатын болады.

21.04.2017

Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей, алып мұзтау жүзіп келді

Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей, алып мұзтау жүзіп келді. Оның көлемі 1912 жылы әйгілі "Титаникті" Атлант мұхитына батырған айсбергтен де үлкен екен.

21.04.2017

"Өнер қырандары" театры Қазақстан қалаларын аралауды бастамақ

Астарлы әзіл, мағыналы қойылымдарымен танылған "Өнер қырандары" театры "Берекелі мереке" концерттік бағдарламасымен Қазақстан қалаларын аралауды бастамақ.

21.04.2017

Жұлдыздар жарқырайды: Сахна сыртындағы Димаш, Асхат Тарғыновтың тойы

Димаш Құдайбергеннің сахна сыртында қалған тағы қандай сыры бар ? Әнші Қайрат Нұртас нені тойлап жүр? "Чип-чибі" хит болған Асхат Тарғынов неге қобалжиды?

20.04.2017

Арнасынан асқан Нұра өзені Астананың айналасындағы ауылдарға қауіп төндіріп отыр

Арнасынан асқан Нұра өзені Астананың айналасындағы ауылдарға қауіп төндіріп отыр. Деңгейі 5 метрге жеткен тасқын су елордадан 30 шақырымда орналасқан Қошқарбаев ауылына кіріпті. Ал, оның қасындағы Шнет елді мекенінің тұрғындарын осы бастан қауіпсіз жерге көшіріп тастаған. Өйткені, Қарағанды жақтан тағы да су келуі мүмкін деген қауіп бар.

20.04.2017

Қарағандыда бүтін бір ауыл қатынассыз қалды

Нұра өзені Қарағандыдағы бүтін бір ауылды да қатынассыз қалдырды. Тасқын суы Шет ауданындағы Ақиық елдімекенінің жолын шайып өткен. Тұрғындар екі айдан бері ауылдарында қамалып отыр. Тіпті, ауылдың жағдайын білуге барған әріптесім Мейрамгүл Салқынбаева халықпен 150 метр жерден ғана тілдесе алды.

31 арна

«31 арна» - Қазақстандағы ең табысты әрі танымал телекомпания

 

«31 арнаға» 20 жыл! Осы жылдар бойы телеарна сапалы тележобаларға, айрықша контент пен іске деген кәсіби көзқарастарының арқасында миллиондаған  көрермендердің ризашылықтары мен серіктестердің сенімін жеңіп алды!

«31 арна» өз көрермендерінің өмірге деген қызуғушылықтарын арттырып, оларға сергектік, белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Көп жылдар бойы арна Барша 6-14 жас аралығындағы көрермендер арасында  жетекші  ұлттық теледидарлар үштігінің қатарында болды.

Бізге ілесіңіз

Бізді көріңіз