Информбюро

05.12.16

Aлматылықтарды қыста жауған жаңбыр әлекке салды

Жазғы тасқындардан зәрезап болған алматылықтарды қыста жауған жаңбыр әлекке салды. Кейбір ықшамаудан тұрғындары жайылған судан зардап шегіп, ғаламтор арқылы елден көмек сұрады. Ал қаладағы ең үлкен көлік жабдықтарын сататын базарды сел ағызып кете жаздаған. Төтенше жағдайлар департаменті бұған басты себеп күннің күрт жылынуы дейді. Ал бірер күн бұрын әдеттегіден бірнеше есе қалың қар түскен Алматы жұрты қамсыз отыра беруі керек пе?

523

05.12.16

Ақтөбеде соңғы екі күнде жауған қардың көлемі бір айлық мөлшерден асып кеткен

Ақтөбеде соңғы екі күнде жауған қардың көлемі бір айлық мөлшерден асып кеткен. Тіпті тыным таппай жұмыс істеп жатқан техникалардың өздері қала көшелерін қардан тазалап үлгере алмай жатыр. Сондықтан, оған тұрғындар да ат салысуда. Онымен қоса биыл өңірде республикалық маңызы бар тас жолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қар құрсауында қалған көлік жүргізушілеріне арнап автотұрақтар ашылған.

469

05.12.16

Қызылорда облысындағы Ақсу ауылының тұрғындары бүгінгі түнді үреймен өткізді

Қызылорда облысындағы Ақсу ауылының тұрғындары бүгінгі түнді үреймен өткізді. Өйткені бөгет жарылып, Сырдария өзенінің суы ауылға жақындаған.

442

05.12.16

Петропавлда қазақ атауларына қарсы шыққан азаматқа қатысты сот үкім шығарды

Петропавлда қазақ атауларына қарсы шыққан азаматқа қатысты сот үкім шығарды. "Қазақстанның қала және көше атауларын өзгертетін болса референдум өткіземіз",- деп бастама көтерген Игорь Чуприна енді алдағы 5 жарым жылын темірторда өткізеді.

515

05.12.16

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр. Енді олар шет тілін үйрететін курстар арқылы немесе қайырымдылық қорларының атын жамылып иедологияларын тарататын болған. Такси жүргізушілерінің де жолаушыларына уағыз тыңдататын фактілері жиілепті. Осылай деп дабыл қаққан дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері бүгін осы тақырыпта арнайы баспасөз мәлихатын өткізді.

583

05.12.16

59 жастағы Шавқат Мирзияев Өзбекстан президентінің сайлауында жеңіске жетті

59 жастағы Шавқат Мирзияев Өзбекстан президентінің сайлауында жеңіске жетті. Либерал-демократиялық партияның атынан сайлауға түскен ол 13 жыл бойы Өзбекстанның премьер-министрі болған. Ал Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан соң Мирзиеев Өзбекстанның президенті міндетін де қатар атқарып келген.

408

05.12.16

Дубай әлемді тағы да таңқалдырды

Дубай әлемді тағы да таңқалдырды. Араб әмірлігінің флористері әлемдегі ең үлкен гүлзар жасап, Гиннес Рекордтар кітабына кірді. Emirates компаниясының А380 лайнері түрінде жасалған гүлзарға 500 мың өсімдік отырғызылған екен.

652

05.12.16

Шымкентте тұратын жүзге тарта үйдің тұрғыны баспанасыз қалатын болдық деп тағы да шу көтерді

Шымкенттің Көкбұлақ елді мекенінде тұратын жүзге тарта үйдің тұрғыны баспанасыз қалатын болдық деп тағы да шу көтерді. Мәселені «31 арна» көтергеннен кейін, «үйлер сүрілмейтін болды» деп билік уәде беріп, сотқа шақыру да тоқтаған еді, енді «ҚазТрансОйл» компаниясы құбырға жақын үйлерге қатысты талап арызын сотқа қайтадан бере бастады, - дейді тұрғындар.

643

05.12.16

25 жылда барша ел шынайы қуанып, ерекше шаттанған негізгі оқиғалар

Биыл Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауда. Ширек ғасырда түрлі саяси өзгерістер мен құбылыстар болды. Елдің еңсесін басқан, әлеуетін әлсіреткен оқиғаларға қоса бүкіл халықты ұйыстырып, шаттыққа бөлеген қуанышты сәттер де бар. 25 жылда барша жұрт, тұтас ел шынайы қуанып, ерекше шаттанған негізгі оқиғаларды Жарас Ниязбек тізбектеп көрді.

377

05.12.16

Алматы облысында тұңғыш рет еуразиялық бейнероликтер фестивалі өтті

Алматы облысында тұңғыш рет еуразиялық бейнероликтер фестивалі өтті. Халықаралық байқауда 11 ел қатысуға өтініш білдірген. Үздіктері Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында марапатталды.

364

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян