Информбюро

25.04.17

Лаңкестерді Қазақстан азаматтығынан айырудың ешқандай саяси астары жоқ

Лаңкестік жасап, елдің мүддесіне зиян келтіргені үшін Қазақстан азаматтығынан айырудың ешқандай саяси астары жоқ. Бүгін Үкімет атышулы заң жобасының тұжырымдамасын бекітіп, парламенттің талқысына жіберді. Жаңа өзгеріс бойынша терроризм жасағандар, экстремистік топ құрып, мемлекетке опасыздық және президенттің өміріне қастандық жасап, адамды кепілге алғандар азаматтықтан айырылады. Ал, азаматтығы жоқ тұлғалар қалай өмір сүреді? Шетелде жүргендер Қазақстанға орала ала ма?

351

25.04.17

Нұрсұлтан Назарбаев аяқ астынан Астананы аралап шықты

Астананың келбеті мен тазалығына көңілі толмаған Нұрсұлтан Назарбаев бүгін аяқ астынан бас қаланы өзі аралап шықты. Президент елорданың темір жол вокзалына барып, халық көп қоныстанған ауданның тұрғындарымен кездесті.

478

25.04.17

Экс премьер-министр Серік Ахметовтың түрмедегі суреті жария етілді

Mемлекет қаржысын талан-таражға салды деп он жылға сотталған Серік Ахметовтың түрмедегі суреті жария етілді. Экс премьер-министр фотоға жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінің футбол командасымен бірге түскен.

728

25.04.17

Тасқын суы Петропавлдың жүздеген үйіне кірді

Тасқын суы Петропавлдың жүздеген үйіне кірді. Билік тасқыннан сақтайды деген бөгетті су шайып, қала іргесіндегі жер үйлер терезелеріне дейін суға толған.

348

25.04.17

Каспий теңізі жағалауынан 240-тан астам итбалықтың өлі денелері табылды

Каспий теңізі жағалауынан 240-тан астам итбалықтың өлі денелері табылды. Әзірге мамандар су жануарларының жаппай қырылуын экологиямен байланыстырған жоқ. Олардың айтуынша, итбалықтар қатты толқыннан тасқа соғылғандықтан, жарақат алып қаңсырап қалған.

304

25.04.17

Қызылордада халық алдында сөйлеген шендінің артындағы баннерді студенттер тіреп тұрған

Қызылордада халық алдында сөйлеген шендінің артындағы баннерді студенттер тіреп тұрған. Шара басында баннердің артына бекітілген ағаш сынып қалған соң, күннің ыстығына қарамай студенттер өз еріктерімен тіреуіш қызметін атқарыпты.

455

25.04.17

Алматыда халықаралық студенттер байқауы аяқталды

Алматыда халықаралық "Жұпаргүл ұмтылысы" атты студенттер PR байқауы аяқталды. 15-рет ұйымдастырылған доданың соңғы айналымына ең үздік 26 жоба өткен.

277

25.04.17

Танымал актер Азамат Сатыбалды өзін продюсер ретінде сынап көрмек

Танымал актер Азамат Сатыбалды өзін продюсер ретінде сынап көрмек. Алматыда оның тырнақ алды туындысының тұсауы кесілді. "Бір сен үшін" деп аталатын жаңа мелодрама отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылардың байланысы мен өмірге ұрпақ әкелу мәселелеріне арналған. Киногерлер, белгілі өнер жұлдыздары мен театр майталмандарының басын қосқан жабық көрсетілімге Жанар Жолтаева да қатысып келген еді.

314

25.04.17

Ғаламторды шулатқан полицейлер

Қазір "Сіз - эфирдесіз!" топтамасынан бірде мақтау естісе, көбінесе халықтың сынына ұшырап, күлкіге қалатын полиция қызметкерлері туралы көріңіздер.

564

24.04.17

"Информбюро" қонағы - Азамат Сатыбалды

Азамат Сатыбалды «Бір сен үшін» атты жаңа көркемфильмге продюсерлік жасады. Туындыны түсіруге не себеп болған? Суррогат ана өмірін ашық көрсететін кинонының сценарийі актердің өміріне қандай қатысы бар? Фильмге қоғам қандай баға беріп жатыр? Көкей кесті мәселелерді терең талқыға салатын туынды сәуірдің 27-нен бастап еліміздің үлкен экрандарына жолдама алмақ.

310

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян