Информбюро

14.02.17

Жамбылда он шақты ауыл қар астында қалды

Жамбылда он шақты ауыл қар астында қалды. Бір аптадан бері олардың арасында адым жер ашу мүмкін емес. Ауданға жету үшін басын бәйгеге тіккен жұрт, жол тазалау жұмысы сылбыр жүргізіліп жатыр деп, наразы. Қатынастан қағылған ауылдардың жай жапсарын білуге барған жамбылдық әріптестеріміздің де көліктері батып қалып, арнайы машина шақыртуға тура келді.

1374

14.02.17

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының халқы қатынассыз қалды

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының халқы, қарға тура мағынасында айтқанда, көміліп қалған. Көлік жүрмейді, күннің көзі көрінбейді. Қардың қалыңдығынан, тіпті тұрғындар үйінен қорасына жету үшін, жер астынан үңгір жасауға мәжбүр екен.

1297

14.02.17

Еліміздің оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауып тұр

Еліміздің оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауып тұр. Ауа температурасы 2 градусқа жылып кеткен.

1243

14.02.17

Тайвань аралында туристер мінген автобус жардан құлап кетті

Тайвань аралында туристер мінген автобус жардан құлап кетті. Оқиға орнында 34 адам қаза болған. Көліктің апатқа ұшырау себебі әлі анықталған жоқ.

1179

14.02.17

Дональд Трамптың Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды

Дональд Трамптың Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн қызметінен босатылды. Бұл туралы АҚШ президентінің әкімшілігі ресми хабарлап отыр. Ақпарат құралдарының мәліметі бойынша Флиннің лауазымнан айырылуына Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен байланыс жасағаны себеп болған.

1203

14.02.17

Жібек Мусинованы "жабылып зорлады" дегендердің апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды

Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованы "жабылып зорлады" дегендердің апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды. Істің қайта қаралуын талап еткен сотталушылардың туыстары бүгін тағы айғайға басып, соттан кейін жанжал шығарды.

1334

14.02.17

Мыңдаған үлескерді тақырға отырғызған компанияның үйлерінде құрылыс қайта жанданбақ

Не ақша, не үйлерін ала алмай, мыңдаған үлескерді тақырға отырғызған "Азбука жилья" компаниясының үйлерінде құрылыс қайта жанданбақ. Бүгін бұл мәселеге қатысты өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында осындай жаңалық айтылды. Алайда, "Азбука жильяның" нысандарына миллиондаған қаржысын салған бірқатар үлескер жиынға кіре алмай, шу шығарды.

1164

14.02.17

Алматыда бір топ азаматты жеке кәсіпкер жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан

Алматыда бір топ азаматты жеке кәсіпкер жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан сияқты. Табанынан таусылып жұмыс іздегендерге түрлі мекен-жайдағы мекемелерге жіберіп, қолдарына анықтама ұстатқандары үшін орталық 1500 теңге алып отырыпты. Шағымданушылар бұл ешқандай жұмыс тауып берушілер емес, ауадан ақша табушылар деп арызданып отыр.

1139

14.02.17

Жеңіс Исаховтың тағдыры тағы кейінге шегерілді

Жеңіс Исаховтың тағдыры бүгін тағы кейінге шегерілді. Баланың кіммен тұратынын Алматы қалалық соты наурыздың 7-сі күні шешетін болды.

1149

14.02.17

Шахан елді мекеніндегі 14 қазандық демеушілердің ақшасына сыртқа шығарылатын болды

Осыдан бір жарым ай бұрын тоғыз адам үйіндінің астында қалған Шахан елді мекеніндегі 14 қазандық демеушілердің ақшасына сыртқа шығарылатын болды. Бұл жұмыстарға бюджеттен бір тиын да бөлінбейтінін Шахтинск қаласы әкімінің өзі ашық айтты.

991

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян