Информбюро

16.03.17

Банктердің бірігуі әлі де жалғасады

Банктердің бірігуі әлі де жалғасады. Бұл туралы бүгін Алматыда тілшілермен кездесу өткізген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. "Халық банк" пен "Қазкомның" тұтас қаржы құрылымына айналатынын құптап отырған бас банкир бұл әдісті асқалары да пайдаланса деп өтініш айтты. Банк секторының болашақта қалай өзгеретінін тілшіміз Жанар Жолтаева біліп қайтты.

437

16.03.17

"Қазақтелеком" компаниясының желілерді басқару бірыңғай орталығы ресми түрде іске қосылды

Алматыда "Қазақтелеком" компаниясының желілерді басқару бірыңғай орталығы ресми түрде іске қосылды. Тұсаукесер рәсіміне "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қатысып, орталықтың жұмысымен, техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

432

16.03.17

Сөздің шыны керек

Сөздің шыны керек

618

15.03.17

Ақтөбеде тұрғындар кешегі түнді ұйқысыз өткізді

Ақтөбеде тұрғындар кешегі түнді ұйқысыз өткізді. Өйткені 24 жастағы азамат тіс емханасының қызметкерін кепілге алып, бес сағат бойы қинаған. Жеті күн бұрын әйелінен ажырасқан азамат кек алу мақсатында бұрынғы жарын өлтіруді көздепті. Бірақ оны әр жерден іздеп таппаған соң, алдына жетектеп келуді талап етіп емхана қызметкерін кепілде ұстаған. 5 сағат бойы келіссөзге көнбей, әрі жағдай ушығып бара жатқан соң, полиция қару қолдануға мәжбүр болыпты. Айта кету керек, ол енесіне де пышақ сілтеп жіберген. Иық тұсынан жарақат алған ол күйеу баласына қатысты барлық жәйтті баяндап, біздің арнамызға эксклюзивті сұхбат берді.

973

15.03.17

Маңғыстау облысында оқ атылды

Маңғыстау облысында да оқ атылды. Үйлену кортежімен шыққан жастардың Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны екені анықталған.

802

15.03.17

Қазақстандағы мұнай өңдеуші шағын зауыттар толық қуаттылығында жұмыс істей алмай отыр

Қазақстандағы мұнай өңдеуші шағын зауыттар толық қуаттылығында жұмыс істей алмай отыр. Сәйкесінше, елде жанармай тапшы әрі бағасы қымбат. Бұл - заңдағы олқылықтың салдары екен. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев премьер-министрдің атына осындай сауал жолдады.

669

15.03.17

Шымкенттің теміржол вокзалы маңында орналасқан барлық сауда қатарлары сүрілетін болды

Шымкенттің теміржол вокзалы маңында орналасқан барлық сауда қатарлары сүрілетін болды. Алайда, жаңа тәртіпке саудагерлердің ешқайсысының көнгісі жоқ. Нәпақасын саудадан тауып отырғандар, ғимаратты бұзғызбаймыз деп шу шығарды.

642

15.03.17

Алматы облысында бір ауыл халқы өздеріне тиесілі жерге аяқ баса алмай отыр

Алматы облысында Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылының халқы өздеріне тиесілі жерге аяқ баса алмай отыр. Телімдерін даулаған халық не егін егетін, не жайылым жерге жарымай отырмыз деп ашулы.

699

15.03.17

Петропавлда әлі күнге дейін пәтер ішіне салынған пешпен жылынып отырған тұрғындар бар

Петропавлда әлі күнге дейін пәтер ішіне салынған пештердің арқасында жылынып отырған тұрғындар бар. Бүкіл бір ықшамаудан енді жыл басында болған Шахандағы жағдай бізде де қайталана ма деп қауіптеніп отыр. Бұл мәселені жергілікті шенділерге талай рет айтып барса да, ешкім қозғала қоймапты.

504

15.03.17

"Қолжетімді баспана" бағдарламасы арқылы үй алғандардың қуанышы ұзаққа созылмады

Ескі аудандар емес, жаңа салынған үйлер де жетісіп жатқан жоқ. Ақтауда "Қолжетімді баспана" бағдарламасы арқылы үй алғандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Айтуларынша, үйлердің қабырғасы әлден сөгіліп жатыр. Ол аздай, тұрғындардың толық қоныстанғанына қарамастан, газдың өзі әлі тартылмаған. Бес айдан бері әкімдіктің есігін тоздырып шаршаған жұрт, мұңдарын кімге айтарын білмей ұлардай шулап жүр.

626

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян