Информбюро

21.04.17

Жұлдыздар жарқырайды: Сахна сыртындағы Димаш, Асхат Тарғыновтың тойы

Димаш Құдайбергеннің сахна сыртында қалған тағы қандай сыры бар ? Әнші Қайрат Нұртас нені тойлап жүр? "Чип-чибі" хит болған Асхат Тарғынов неге қобалжиды?

1377

20.04.17

Арнасынан асқан Нұра өзені Астананың айналасындағы ауылдарға қауіп төндіріп отыр

Арнасынан асқан Нұра өзені Астананың айналасындағы ауылдарға қауіп төндіріп отыр. Деңгейі 5 метрге жеткен тасқын су елордадан 30 шақырымда орналасқан Қошқарбаев ауылына кіріпті. Ал, оның қасындағы Шнет елді мекенінің тұрғындарын осы бастан қауіпсіз жерге көшіріп тастаған. Өйткені, Қарағанды жақтан тағы да су келуі мүмкін деген қауіп бар.

865

20.04.17

Қарағандыда бүтін бір ауыл қатынассыз қалды

Нұра өзені Қарағандыдағы бүтін бір ауылды да қатынассыз қалдырды. Тасқын суы Шет ауданындағы Ақиық елдімекенінің жолын шайып өткен. Тұрғындар екі айдан бері ауылдарында қамалып отыр. Тіпті, ауылдың жағдайын білуге барған әріптесім Мейрамгүл Салқынбаева халықпен 150 метр жерден ғана тілдесе алды.

714

20.04.17

Ақмола облысы Кенесары ауылының тұрғындары малдарын өріске шығара алмай жатыр

Ақмола облысы Кенесары ауылының тұрғындары малдарын өріске шығара алмай жатыр. Себебі мал шығаратын жолды тасқын су шайып өтіп, бұзылған жер терең жыраға айналған. Тұрғындардың айтуынша, күн сайын тасқыннан пайда болған жыраның жары құлап, жақын маңдағы үйлерге жақындап келеді екен.

589

20.04.17

Еліміздің солтүстігінде тасқыннан тағы да мал қырылуда

Бірнеше ауылы судың астында қалған еліміздің солтүстігінде тасқыннан тағы да мал қырылып жатыр. Кеңес ауылында өзен суы тасып, алпыс төрт жылқы арам өлген. Тіпті кей тұрғындардың қорасындағы барлық малы толықтай суға кетіп, ауыл халқы шығынға батқан. Бұдан бөлек, үйдің биіктігіндей болатын мұз сеңі жүріп, Шал ақын ауданындағы үш ауыл төртінші тәулік жарықсыз отыр.

608

20.04.17

БҰҰ Халықаралық соты Ресейге Қырымдағы татарлардың құқықтарын аяқасты етпеуді міндеттеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Ресейге Қырымдағы татарлардың құқықтарын аяқасты етпеуді міндеттеді. Сот Қырым халқы қалаған тілде білім алуға құқылы деп, Кремльден олардың украинша оқуына мүмкіндік беруді талап етті. Сондай-ақ, Ресейде экстремистік деп танылған қырым татарларының мәжілісіне қайтып жұмыс істеуге рұқсат берілсін делінді.

581

20.04.17

Сирия елінде халықты өзге жаққа көшіру жалғасып жатыр

Азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирия елінде халықты өзге жаққа көшіру жалғасып жатыр. Президент Башар Асадтың қарсыластары Дамаск маңындағы Забадани қаласынан кетіп, оппозиция қарамағындағы елді мекендерге бет түзеді. Сондай-ақ, Хомса қаласының маңында шоғырланған қарулы әскерлер бүтін отбасымен үдере көшті. Көтерілісшілердің қоныс аударуын Ресейдің және Асадтың әскерлері жіті қадағалап жатыр.

530

20.04.17

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр. Бүгін бір күнде 8 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

849

20.04.17

Б.Әйтімова: «Депутаттардың да сана-сезімі бар, санасыздар»

Депутаттардың да сана-сезімі бар, санасыздар жоқ. Бүгін сенатор Бірғаным Әйтімова қоғамның санасын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия құру мәселесіне қатысты қойылған сауалға осылай жауап беріп, оларды сайлаушылар сайлағанын ескерте кетті. Яғни, Әйтімованың пікірінше, халық парламентке лайықты адамдарды сайлаған.

696

20.04.17

Н.Назарбаевтың сақал мен балаққа қатысты пікірі қызу талқыға түсті

Нұрсұлтан Назарбаевтың дін өкілдерімен кездесуінде айтқан сақал мен балақ, қара киімге қатысты пікірін әркім әр түрлі талдай бастады. Бірі оны тура мағынасында қабылдамау керек десе, енді біреулер иман деңгейі сақалмен өлшенбейді деген пікірде. Ал дінтанушылардың бір тобы салафизм сияқты теріс ағымдардың салдарымен емес, себебімен күресу керек дейді.

876

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян