Информбюро

17.01.17

Ішкі істер министрі тіркеу мәселесі тұрақталды деп ойлайды

Уақытша тіркеуге жауапты Ішкі істер министрі жаппай талқыланып әрі сыналып жатқан мәселінің қазіргі жайын айтып берді. Бас полицейдің сөзінше, халыққа қызмет көрсету орындарындағы топталып кезек күткендер азайып, жағдай бір қалыпқа көшіп, барынша тұрақталған.

857

17.01.17

Қалай болса солай сөйлеп, сынға ұшыраған шенеуніктер

Кеше Парламент депутаты Аманжан Жамалов "ол адам сондай жетістікпен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді" деп, бүкіл халықтың наразылығына ұшыраған болатын. Артынша, депутат осы сөзі үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ал, саяси сахнада жүргендердің арасында, қалай болса солай сөйлей салатын, елдің намысына тиетін жандар аз емес. Сондай "айды аспанға шығаратын" министрлер мен әкімдердің сөздерін Жанар Жолтаева тағы бір еске алып көріп еді.

1245

17.01.17

ХҚКО-да кезекшілікке тұрғызыла бастаған дәрігерлердің арнайы медициналық құрылғылары жоқ

Ақтөбенің халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекшілікке тұрғызыла бастаған дәрігерлердің арнайы медициналық құрылғылары жоқ. Есесіне, ақ халаттылардың сөмкелері дәрі-дәрмекке толы. Бұған Алматыдағы адам өліміне қатысты болған жайттар себеп сияқты. Айтуыларынша, енді ақ халаттылар уақытша тіркелу науқаны аяқталғанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарында күн ұзағына отыратын болады. Бірақ халыққа қызмет көрсететін орталықтарда уақытша тіркелуге келіп, кезекке тұратындар да көп емес.

731

17.01.17

Бішкек қаласының маңында құлаған ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті

Бішкек қаласының маңында үйлердің үстіне құлаған ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті. Бүгін оқиға орнында жұмыс істеп жатқан іздестіру-құтқару тобы тағы бір адамның денесін тапты. Бұл экипаж мүшесі болуы мүмкін деген болжам бар. Ал, осы апаттан алаңсыз ұйқыда жатқан 16 бала мерт болған екен.

831

17.01.17

Түркиялық БАҚ: Ыстамбұлда түнгі клубта 39 адамды атып тастаған күдікті ұсталды

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары Ыстамбулда түнгі клубта 39 адамды атып тастаған күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол Әбу Мұхамед Хорсани деген лақап атпен астыртын жұмыс істеген Өзбекстанның тумасы Абдулғадир Машарипов болып шықты. Кейбір телеарналар күдіктінің ұсталған кездегі бейнежазбасын да жариялады.

771

17.01.17

Ақтөбедегі теракт кезінде шабуыл жасалған №6655 әскери бөлімшенің бұрынғы майоры әділдік іздейді

Ақтөбедегі теракт кезінде шабуыл жасалған №6655 әскери бөлімшенің бұрынғы майоры Қайнар Тастамбеков әділдік іздейді. Айтуынша, бір айдан бері қаралып жатқан сотта әділдік жоқ. Ал бүгін сот алдында сөйлеген соңғы сөзінде майор Қайнар Тастамбеков тіпті құпия құжаттар қаралған күні мені және қорғаушымды сот залына кіргізбеді дейді.

714

17.01.17

Үкімет отырысына келген министрлер бар шаруаны жиып қойып, кино көрді

Бүгін үкімет отырысына келген министрлер бар шаруаны жиып қойып, кино көрді. Шетелдік емес, отандық туындыларды. Өйткені, отандық кино индустрияның даму мәселелері талқыланған болатын. Жиынға Асанәлі Әшімовті бетке ұстар етіп келген режиссерлер мен өнер майталмандары өзекті түйткілдерді ортаға салып, шешу жолдарын ұсынды. Министрлермен бірге киноны Бақытнұр Әлібай да бірге тамашалаған еді.

893

17.01.17

Еліміздің солтүстігінде 95 ауылды су басу қаупі бар

Еліміздің солтүстігінде 95 ауылды су басу қаупі бар. Өйткені өңірде жауған қардың көлемі қазірдің өзінде орташа деңгейден екі есе асқан. Осылайша биыл да өңірге тасқын қаупі төніп тұрғанын төтенше жағдай қызметкерлері ашық айтып отыр.

629

17.01.17

Алматыда ауыр жүк көлік пен ескі темір тұлпарлары бар жүргізушілер қала ішінде емін-еркін қозғала алмайтын болады

Алматыда қаңтардың 25-нен бастап ауыр жүк көлік пен ескі темір тұлпарлары бар жүргізушілер қала ішінде емін-еркін қозғала алмайтын болады. Бұл шара Универсиада қарсаңында шаһар қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылып отыр.

685

16.01.17

Алматыда тіркеуге келген бір азамат жағдайы күрт нашарлап, жүздеген адамның көз алдында қайтыс болды

Алматыда тіркеуге келген бір азамат жағдайы күрт нашарлап, жүздеген адамның көз алдында қайтыс болды. Халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күткен 1964 жылғы тұрғынға сол маңдағы дәрігерлер де көмек көрсете алмаған. Куәгерлердің айтуынша, ол жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған. Дәрігерлер кезекте жан тапсырған азаматты науқас еді десе, марқұмның туыстары бұрын сырқаты жоқ болғанын айтады. Қайғылы жағдай болған жерге алғаш жеткен Жарас Ниязбек тіркелуге келген азаматтың қандай жағдайда көз жұмғанын анықтауға тырысты.

1084

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян

Женское шоу