Информбюро

16.01.17

Депутаттар тіркеу кезіндегі адам өліміне мүлде бейжай қарайтын сияқты

Көші-қон заңдарына енгізілген түзетулерді талқылап, өздері дауыс беріп, қос қолдап қабылдаған депутаттар тіркеуге қатысты халық арасында наразылық өршіген сайын, жауапкершіліктің барлығын Үкіметке қарай ысыруда. Ал Конституциямыздың 1-бабында "Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi" деп жазылса да, халық қалаулылары бір емес, екінші рет қайталанып тұрған адам өліміне мүлде бейжай қарайтын сияқты.

946

16.01.17

Мемлекеттік құпияларды таратты деген айыппен Қазақстан президенті әкімшілігінің лауазымды тұлғалары тұтқындалды

Мемлекеттік құпияларды жинап, таратты деген айыппен Қазақстан президенті әкімшілігінің лауазымды тұлғалары тұтқындалды. Олардың біреуі өткен аптаға дейін әкімшілік жетекшісінің орынбасары болып келген Бағлан Майлыбаев екен. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер растап отыр. Тіпті, дәйектер табылып, 2 айға қамау жөніндегі сот шешімі де шығып қойыпты. Сонымен, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет тіркеліп отырған аты шулы істің басты кейіпкері туралы не білеміз? Астаналық әріптесім Бақытнұр Әлібай "Майлыбаев ісінің" мән-жайын білмек болған еді.

936

16.01.17

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында орналасқан саяжайға Boeing жүк ұшағы құлады

Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайының маңында орналасқан саяжайға Boeing жүк ұшағы құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, апаттан кемінде 37 адам қаза болса, оның 4-еуі экипаж мүшесі. Сондай-ақ, өте ауыр хәлде 10 адам қалалық ауруханаға жеткзілді. Оқиға орнынан ұшақтың қара жәшігі де табылған.

830

16.01.17

Атырауда ұшқыш ішімдік ішіп, әуеге көтерілмек болған

Бішкекте ұшақ апаты болса, елімізде жүздеген адамның өміріне жауапты ұшқыштар арақ ішкен күйі жүре беретін сыңайлы. Атырау-Ақтөбе бағытына шығуы тиіс рейстің ұшқышы ішімдік пайдаланған күйі әуеге көтерілмек болған. Соның салдарынан жолаушылар жарты тәуліктен астам уақыт әуежайды паналап отыруға мәжбүр болды.

745

16.01.17

Қарағанды облысында тағы бір көп қабатты үйдің тұрғындары үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқып отыр

Жойқын апаттан тоғыз адам көз жұмған Қарағанды облысында тағы бір көпқабатты үйдің тұрғындары үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқып отыр. Саран қаласында он бес отбасы тұрғын үйдің жалғыз кіреберісін паналауға мәжбүр. Көпшілік «сексенінші жылдардан бері жөндеу көрмеген бес қабатты ғимарат бірнеше рет орнынан қозғалған дейді.

646

16.01.17

Жаңа жыл басталғалы бері Петропавлда төртінші рет су құбыры жарылып, қала көшелері тағы көлге айналды

Жаңа жыл басталғалы бері Петропавлда төртінші рет су құбыры жарылып, қала көшелері тағы көлге айналды. Апаттан 20 градус аязда бірнеше көп қабатты үй мен облыстық балалар ауруханасы түнде жылусыз қалды. Әсіресе жер үй тұрғындары зардап шегіп отыр. Ауласы мен жертөлесы ыстық суға толған тұрғындар өтемақы талап етеді.

586

16.01.17

Көкшетауда жарық бағанына соғылған автокөлік екіге бөлініп қалды

Көкшетауда жарық бағанына соғылған автокөлік екіге бөлініп қалды. Жантүршігерлік оқиғадан іште болған жолаушылар қайтыс болған. Полиция қызметкерлері мен кәугерлердің айтуынша, жүргізуші мас болған әрі көліктің жаздық дөңгелектерін ауыстырмаған.

884

16.01.17

Атырауда белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы бойынша сот басталды

Атырауда "заңсыз митингтер ұйымдастырды", "жалған ақпараттар таратты", "ұлтараздық тудырды" деп айыпталып, 5 жылға сотталған белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы бойынша сот басталды. Ал сотқа қос азамат видеоконференция арқылы қатыстырылды.

1381

16.01.17

Ықтияр хат ала алмай Қытайға қайтып кете жаздаған қандасымыз ақыры күйеуінің қасында қалатын болды

Сарагүл Нәбибектің есімін Шалагүл деп қате жазып, соның кесірінен ықтияр хат ала алмай, Қытайға қайтып кете жаздаған қандасымыз ақыры күйеуінің қасында қалатын болды. Айта кетсек, Ақмола облысы Зеренді ауданының көші-қон полициясының қызметкерлері азаматшаның атын жазуда әріптік қате жібергендерімен қоймай, заңсыз жүрсіз деп отыз мың теңге айыппұл арқалатып, елден кетуін талап еткен. "31 арна" тілшілерінің араласуымен, бұл мәселе шешімін тапты.

814

16.01.17

"31 арнадан" "Құбылай хан" тарихи телехикаясы көрсетіледі

"31 арнада" тарихи телехикаяның премьерасы. Жарты әлемді жаулаған Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың өмірі, Қытай жерін жаулап алуы, жаңа империяның негізін қалауы баяндалатын туынды бүгіннен бастап көрсетілімге шықпақ. Бірнеше миллиардтарға түсірілген ірі жоба әлемнің бірнеше елінде көрсетіліп, жоғары бағаланған.

534

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян

Женское шоу