Информбюро

22.05.17

"Сіз - эфирдесізде" көлік кептелісіндегі қызықтар

Әлемнің дамыған елдерінің бас ауруына айналған көлік кептелісі біздің елде де жақын арада шешіле қоюы екіталай. Жолдарды кеңейткенмен, қалаларда күн сайын көлік саны көбейіп жатыр. "Сіз - эфирдесіз" топтамасында тілшіміз Манас Қайыртай көлік кептелісін әр қырынан көрсетуге тырысты.

404

19.05.17

Үкімет Астана жұртын ЭКСПО кезінде шыдамды болуға шақырды

Үкімет Астана жұртын ЭКСПО кезінде шыдамды болуға шақырды. Өйткені, елордада көлік қозғалысы қиындап, бірқатар қолайсыздықтар болуы мүмкін. Халықаралық көрменің басталуына 3 апта қалғанда шенеуніктер дайындықтары туралы баяндады. Бірақ, әлі әуежай мен вокзалдардың құрылысы бітпей жатыр.

896

19.05.17

Зейнетақы қоры 8 миллиард 390 миллион теңгеге жуық қаражатты іссапарларға жұмсаған

8 миллиард 390 миллион теңгеге жуық қаражатты "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" былтырғы жылы қызметкерлеріне жалақы төлеу мен іссапарларға жұмсаған екен. Квазимемлекеттік компанияның шығындарына зейнетақы қоры жанындағы қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі, экономист Рақым Ошақбаев шүйлігіп отыр. Бұрынырақта вице-министр қызметін атқарған экс шенді 1 жылдың ішінде министрлік те мұндай ірі көлемде қаражат жұмсамайтынын айтты. Миллиардтардың қайда кеткенін Жанар Жолтаева зерттеп көрген еді.

861

19.05.17

Мемлекет қаржысын талан-тараж қылды деп айыпталып жатқан белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов соттың әділ өтуін тілеп отыр

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі қаралуы тиіс еді. Алайда, режиссер Талғат Жаныбековтың адвокаты келмеген соң сот отырысы кейінге шегерілді. Тұңғышбай Жаманқұлов және бірнеше азамат "Феникс" фильмін түсіруге мемлекеттен бөлінген қаражатты бас пайдасына жұмсап, талан-тараж қылды деп айыпталып отыр.

1051

19.05.17

Шымкент әскери соты шекарашыларға қатысты үкім оқыды

Шымкент әскери соты шекарашыларға қатысты бүгін үкім оқыды. Сот шекара қызметіндегі кезекшілігін тастап кеткен қызылорладық бес бірдей жауынгерді әскери шенінен айырды. Ал алты жасар баланың өліміне әкеліп соқтырған оқиғаға басты кінәлі деп танылған аға лейтенант Рақымжан Түзелов бір жылға сотталды.

769

19.05.17

Көкшетауда әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкіміне жәбірленушілер келіспей отыр

Көкшетауда әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкіміне жәбірленуші тарап келіспей отыр. Айтуларынша, судья айыпталушы - полиция майоры Жәнібек Баймурзинге тым жеңіл жаза тағайындаған. Соттың үкімі бойынша өз әріптесін тапаншамен атып өлтірген Баймурзинге түрмеде 18 жыл бойы жазасын өтеу кесілген еді.

783

19.05.17

Ақтөбеде тасқын судан үйлері қирап қалған тұрғындар әлі де көмек ала алмай жүр

Ақтөбеде тасқын судан үйлері қирап, далада қалған тұрғындар жергілікті биліктен әлі де болса жеткілікті көмек ала алмай жүргендерін айтып шағымдануда. Алғашында тұрғындарды мектептерге орналастырып, артынша пәтер жалдауға 30 000 теңгеден үлестіріп берген билік өкілдері жағдайды бір айдың ішінде шешуге уәде еткен еді. Алайда, арада бір айдан астам уақыт өткенімен, мәселенің шешілер түрі көрінбейді.

693

19.05.17

Қызылорда мұғалімдер мен директор арасындағы түсінісбеушілік бітіспес дауға айналған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы № 247 мектептің кейбір ұстаздары мен директор арасындағы түсінісбеушілік бітіспес дауға айналып барады. Директор өзі қойған талапты орындамайды деген орынбасарларының лауазымын төмендетсе, лауазымынан түскендер басшыларының бұл әрекеттерімен келіспейді. Ал осындай қызмет үшін өзара келіспеушілік оқушылардың сабағына кедергі келтіріп жатыр дейді ұстаздар.

2014

19.05.17

Қaзaқстaндық қaлaмгерлер үшін ауқымды әдеби сайыс ұйымдастырылмақ

Жыл сайын өтетін "Алтын қалам" жүлдесі мен "Дарабоз" байқауы біріктіріліп, ауқымды әдеби сайысқа ұласпақ. Ал Лондон қаласында орналасқан еуразиялық шығармашылық ұйымға мүше болған авторлардың туындылары ағылшын тіліне аударылып, әлем жұртына таныла бастады.

664

19.05.17

Жұлдыздар жарқырайды: Димаш Парижде, Қарақаттың қуанышы

Әндетіп, сырнайлатып перзентханадан шыққан әнші Қарақат Әбілдинаның бақыттан жүрегі жарылардай күйде. Атағы күн сайын, тіпті минут сайын асқақтаған Димаш Құдайберген Голливуд жұлдызымен бірге би билеп, ең беделді деген Канн фестиваліне қатысып, қызыл кілеммен жүріп өтті.

1216

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян

Кастинг Келіндер бәйгесі 4