Информбюро

16.02.17

Нұрсұлтан мен Иманғали үйсіз жүр

Нұрсұлтан мен Сара, Иманғали, Қасымжомарт пен Дінмұхаммед үйсіз қалды. Балаларына кілең танымал тұлғалардың есімдерін берген Рахмановтар отбасының 2014 жылы баспаналары өртеніп кеткеннен бері, далада қалғандай күй кешіп жүр.

1495

16.02.17

Солтүстік Корея президентінің ағасының өліміне қатысты екі әйелді тұтқынға алды

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның өліміне қатысты деген күдікпен Малайзия полициясы екі әйелді тұтқынға алды. Ким Чен Нам Куала-Лумпур әуежайында дүйсенбі күні қайтыс болған еді. Оңтүстік Кореяның арнайы қызметі оны Корей Халықтық Демократиялық Республикасының тыңшылары өлтірді деген ақпарат жариялады. Алайда, Солтүстік Кореяның өзінде президент ағасының өліміне қатысты бір де бір ақпарат таратылған жоқ.

1165

16.02.17

Францияның әскери әуе күштері жыртқыш құстарды қорғаныс саласына пайдаланбақ

Францияның әскери әуе күштері қыран құсын ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды ұстауға үйретіп жатыр. Осылайша әскерилер жыртқыш құстар арқылы заңсыз бейне түсірілім жасайтын дрондармен күреспек.

1157

16.02.17

"Алтын қалам" тәуелсіз әдеби бәйгесінің алтыншы маусымы ашық деп жарияланды

"Алтын қалам" тәуелсіз әдеби бәйгесінің алтыншы маусымы ашық деп жарияланды. Жобаны жандандырып отыратын ұйымдастырушылар биыл да бірнеше жаңа номинациялар қосып, өзіндік ерекшеліктер енгізіпті.

988

16.02.17

Қанат Ислам АҚШ-та 23-кездесуін өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында 23-кездесуін өткізеді. 18 ақпанға жоспарланған жекпе-жекте жерлесіміз бразилиялық Робсон Ассиспен күш сынасады. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам бұған дейінгі кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал 38 жастағы Робсон Ассис 19 жекпе-жектің 16-сында мерейі үстем болған.

1071

16.02.17

Сөздің шыны керек: Кім нақақ?

Туыстары ақыл-есі бүтін деп есептейтін азамат психикалық емдеу орталығында неге жатыр? "Қой бағып жүріп, күдіктіге айналдым", - деген кісіге емдеу мекемесінде қандай ем жүргізілуде? Алматылық зейнеткерді 20 жастағы бойжеткеннің ұрып кеткені рас па?

1206

16.02.17

Қазақстандық өнім халықаралық көрмеде үздіктердің үздігі аталды

Қазақстандық өнім халықаралық көрмеде үздіктердің үздігі аталды. Мәскеуде өткен "Продэкспо" азық-түліктер көрмесінде отандық №1 Экобренд алтын медальмен марапатталды. Gold жүлдесін жеңіп алған Экобренд жоғары сапасы үшін ең үлкен марапатқа лайықты деп танылған. 300 өндірушінің арасынан дараланған отандық танымал бренд тек таза табиғи минералды судан дайындалатындықтан, сарапшылардың жоғары бағасын алды.

1094

15.02.17

Полицияға бағынбай, қарсылық көрсеткеніңіз үшін 11 миллион теңге айыппұл төлеуіңіз мүмкін

Полицияға бағынбай, қарсылық көрсеткеніңіз үшін 11 миллион теңге, яғни 34 мың доллардай айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Ішкі істер министрлігі құқық қорғау қызметкерлерінің беделін ірі айыппұл төлетумен көтермекші ме, бүгін мәжіліске жаңа заң нормаларын осылай ұсынды. Алайда, бұл бапқа спикер Нұрлан Нығматуллиннан бастап, депутаттар бірден қарсы шықты. Тіпті, кейбір мәжілісмендер полицияға қол көтерсе 11 миллион теңге төлетуді әйелдерімен байланыстырды. Ал, миллиондаған айыппұлды төлей алмағандар қалай жазаланады? Ішкі істер министрі полицияны неге бұлай қорғап жатыр?

1590

15.02.17

Қоғам назарын аударған іс бойынша сотталғандардың ішінде Серік Ахметов қана түрмеде қалды

Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметов ісі бойынша 2015 жылы 3 жылға сотталған «ҚазагроФинанс» компаниясының бұрынғы өкілі Ерлан Қисықов айыппұлға келісіп, рақымшылықпен бостандыққа шықты. Енді бұл іс бойынша 3 жылдан 10 жылға дейін сотталған 21 экс-шенеуніктің ішінде тек түрмеде Серік Ахметов қана қалды.

1195

15.02.17

Қазақстанның азық-түлік саудасында да өзіндік мафия бар

Қазақстанда дәрі-дәрмек нарығында ғана емес, азық-түлік саудасында да өзіндік мафия бар екен. Оларды орнына қою тіпті депутаттардың да қолынан келмейтін көрінеді. Сондай-ақ, сіз бен біз күн сайын арзан әрі сапасыз нан жеп жүр екенбіз. Бұл жөнінде сенатта өткен азық-түлік қауіпсіздігі туралы отырыста белгілі болды. Жыл сайын рекордты жаңартып, аста-төк астық жинайтын.

1259

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян