Информбюро

10.03.17

Жұлдыздар жарқырайды: Кешьюдің жаңалығы, Өмірқұлдың шәкірттері

Әншілер неге жиі концерт қойып кетті? Әлде бір-бірімен бәсеке ме ? Жақында құрамын өзгерткен "Кешью" тобы қандай жаңалықтарымен елді қуантпақ?

394

09.03.17

Білім министрі Ерлан Сағадиев депутат Бекболат Тілеуханмен жекпе-жекке шығуға дайын

Сөзден сүрінбейтініне сенімді Білім министрі Ерлан Сағадиев бүгін депутат Бекболат Тілеуханмен жекпе-жекке шығуға әзірмін деп мәлімдеді. Ал министрдің отставкаға кетуін талап етіп жүрген қоғам белсенділерін лауазымды шенеунік танымайтын болып шықты. Балалар түгілі депутаттардың басын қатыратын түрлі жобаларымен даудың ортасында жүрген министр енді "сауат ашуды" қайда жібермек? Қазақшасында сыпайылық жалғауын шатастырып алатын Сағадиев оқушыларды қалай үш тілде сөйлетем деп отыр?

18997

09.03.17

"Эйр Астананың" тағы бір ұшағынан ақау шықты

"Эйр Астананың" тағы бір ұшағынан ақау шықты. Көкке көтерілген А321 лайнері діттеген жеріне жете алмай, Алматы айлағына қайта айналып қонған. Бұл 1 аптаның ішінде қайталанып отырған үшінші жағдай.

531

09.03.17

Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты қою түтінге оранды

Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты қою түтінге оранды. Кәсіпорыннан қара түтін шыққанын жергілікті тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған.

465

09.03.17

Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыз шекарада 59 мың долларға жуық ақшасынан айрылды

Қытайдан Қазақстанға көшіп келе жатқан қандасымыз шекарада 59 мың долларға жуық ақшасынан айрылды. 55 жастағы жалғызбасты әйелдің осыншама қаражатын шекарашылар мен кеденшілер алып қойыпты. Айтуларынша, жалғызбасты ана экономикалық контрабандамен айналысқан. Ал, жиған-терген ақшасынан айрылған Гүлжан Мәуітхан болса, бізге заңды дұрыстап түсіндірмеді, тіпті қысым көрсетті деп отыр.

729

09.03.17

Содырлар госпитальге шабуылдап, дәрігерлерге оқ жаудырды

Өздерін "Ислам мемлекеті" атаған террористік ұйымның содырлары кеше Кабул қаласындағы әскери госпитальге шабуыл жасап, дәрігерлер мен емделушілерге оқ жаудырды. Оқиға орнында 30 адам қайтыс болып, 70-тен астам адам ауыр жарақат алған еді. Бүгін террористтер қолынан қаза болғандар саны 49 адамға жетті.

458

09.03.17

Гватемала елінде балаларға арналған интернаттан өрт шығып, 22 жасөспірімнің өмірін қиды

Гватемала елінде балаларға арналған интернаттан өрт шығып, 22 жасөспірімнің өмірін қиды. Тағы 39 бала екінші және үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер кейбір науқастардың жағдайы тым ауыр деп отыр.

402

09.03.17

Алматы тұрғындары пәтерінде ит асыраушыларға жиі шағымдана бастады

Алматы тұрғындары пәтерінде ит асыраушыларға жиі шағымдана бастады. Балалардың қауіпсіздігі мен айналаның тазалығына алаңдаған жүздеген тұрғын қалалық әкімдіктен бастап, үкіметке дейін арыз жолдауда. Ал ит иелері айналаға ешқандай қауіп жоқ, әрекетіміз заңды деп ақталады. Алматының бір ықшамаудынын аралап қайтқан Жарас Ниязбек жеті қазынаның бірін жетектегендермен де, иттен мезі болдық дегендермен де тілдесіп көрді.

550

09.03.17

Көкшетаудың кейбір тұрғындары мерекені жарықсыз өткізді

Көкшетаудың кейбір тұрғындары мерекені жарықсыз өткізді. Екі күн бойы өркениеттен ажырап қалған тұрғындар, жауапты мекемелер дер кезінде олқылықты қалыпқа келтірмеді деп наразылықтарын білдіруде. Ал тиісті мекеме мамандары, жер астындағы ақау шыққан шоғырсымды анықтауға арнайы құрылғының болмауынан осындай жағдай туындап отырғанын мойындайды.

438

09.03.17

Шымкентте жалақы алмадық деген құрылысшылар бас көтерді

Шымкентте жалақы алмадық деген құрылысшылар бас көтерді. Көпқабатты үйлердің құрылысында жүрген қырық шақты жұмысшы соңғы үш-төрт айда айлық мүлде төленбегенін, оған қоса жалақы есебінен тамақтанып келген асхана жабылғанын айтады. Мұндай жағдайда жұмыс істей алмаймыз деген олар құрылысты тастап, көшеге шыққан.

560

Бүгінгі

Қай күннің жаңалығын көргіңіз келеді, соны таңдаңыз

Жаңа бейнебаян