31-ші арнадағы сәтті шыққан тұсаукесер – «АйТи-Молодец»!

29.10.15

31-ші арнада қазанның жиырма алтыншы жұлдызында «АйТи-Молодец» атты жаңа телехикая басталды. Тұсаукесер өте сәтті болып шақты: сериалдың бірінші бөлімінің көрсеткіші халық арасында 11,9% құраса, жалпы рейтинг көрсеткіші 2,7. Алматы қаласының өзінде «АйТи-Молодец» телехикаясы халық арасында 22,5% пайызын жинап, рейтинг көрсеткіші 6,61 болды!


"АйТи-Молодец" хикаясының желісі бойынша Айдар есімді АҚШ-та “Болашақ” бағдарламасы арқылы MIT мамандығын бітіріп келген жігіт туралы болмақ. Алдына үлкен жоспар қойған басты кейіпкер, түрлі идеяға толы жобаларды ойлап, шет елдегі Apple компаниясында жұмыс істеуді армандайды. Алайда, «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген Айдар, өз еліне екі жыл қызмет атқаруға тиіс. Таңдау құқығы қалмаған жігіт, тіпті Google Maps-тан табылмайтын ауылға тап болады.


Басты кейіпкер оқиға желісінің дамуы бойынша ауыл тұрғындарына замануи технологияның қажеттілігін үйретіп, жаңа гаджеттарды, көкейкесті жобаларды ойлап тауып, ауылға инвесторлардың қызығушылығын тудырды. Айдар қазақ тілін үйренуге талпынып, өзінің ұлттық ерекшеліктерін танып, тіпті ет жемеу әдетін тастап, өмірінде алғаш рет ет жей бастады.  


Хикаяның басты мақтанышы танымал, кәсіпқой актерлердің бірге бір сюжетте бас қосуы болып отыр. Туындының жұлдызы - Рауан Мұраталиев, КВН құрамасының мүшесі Гүлнәр Силбаева, белгілі әзілкеш, актер Әбунасыр Серіков сынды талантты өнер иелері өз кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты.


Кейіпкердің тағдыры көптеген түбегейлі өзгерістерге тап болады. Үйреншікті тұрмыс қалпын өзгертіп, өзінің сүйіктісін кездестіреді! Біздің кейіпкеріміз қандай өмірді таңдайды? Шет еліндегі тамаша мансап па? Әлде бақытты әрі думанды ауыл өмірі ме?



Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар