Жаңа, бірақ ұнамды әрі үйреншікті

17.10.16

31 арна «Отбасымен бірге көрейік!» ұранымен көрерменге ұсынылатын визуалды форматын өзгертіп, арнамыз бұрынғыдан бетер қанық әрі жылы түске боялды.   


31 арнаның басты стилі, соның ішінде эфирдің келбеті, бағдарламаралық кеңістік, навигациялық элементтер толықтай өзгеріске түсті. Осыған дейін жиырма жылға жуық аздаған түзетулермен ғана шектеліп өзгермей келген ескі логотиптің орнын телекомпанияның бағыт-бағдарын мейлінше толықтай айқындайтын жаңа логотип келіп басты.


«Жаңа келбет 31 арнаның басты ұстанымдарының бәрін одан әрі аша түсті. Бұл өзгеріс шабыт сыйлайтын, көзге жылыұшырайтын, ойын-сауық, көңілді, күлкілі, рухтандыратын, бүкіл отбасына арналған қауіпсіз  арнаға үйлесімді, - деп атап өтті 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. – Бұдан былай біздің арнамызды жарық, күндей нұрлы, қанық, дей тұрғанмен көзге ұрмайтын түсі, яғни өзінің фирмалық қолтаңбасы арқылы тез тануға болады. Жаңарған стилімізге көрерменнің көңілінен шығады деген үміттеміз. Бізбен бірге болыңыздар. Әрдайым біздің арнамыз сияқты жүздеріңізден күлкі кетпей, қуанып, жадырап, отбасыларыңызға мейірімін шуағын шашып жүріңіздер!».


31 арнаның жаңа стилі – телекомпанияның дамуындағы жаңа кезең. Айта кетейік, жаңа маусымда 31 арнада 10 жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Бұрынғы танымал бағдарламалар жалғасын тауып, жаңа ойын-сауық шоулары бастау алды. Олардың ішінде төл өнімдеріміз, қазақстандық комедиялық ситкомдар, ең үздік шетел телехикаялары, сонымен бірге әлемдік алдыңғы қатарлы өндірушілердің көркем фильмдері мен қызықты мульфильмдері бар.


Мәселен, 24 қазаннан бастап дүйсенбі мен жұма күндері арасында сағат 19.00-де атышулы «Келіндер бәйгесі» шоуының екінші маусымы басталады.  


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар