31 арнада күлдіргі отбасы!

6.1.17

«Балаларың дүниеге келген кезде өміріңді өзгертуіңе тура келеді. Мәселен, мен, ұлым өмірге келісімен мекенжайым мен телефон номерімді ауыстырдым. Алайда, соған қарамастан, мені жақсы көретін отбасым бәрібір тауып алды...» Мәңгі жас, әрқашан сымбатты Дмитрий Нагиев бұл жолы «Два отца и два сына» отбасылық экшн-фильмінде күтпеген жерден әке атанып, жалғыз басты әке рөлін сомдайды. 9 қаңтардан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында 21.00-де 31 арнада – қазақстандықтардың көзайымына айналған комедиялық телехикая! 

 «Два отца и два сына» — ата, әке, бала – үш буын еркек кіндіктілерден тұратын отбасы жайындағы қызықты хикая. Алайда бір гәп бар. Әулеттің атасы сымбатты, қыздардың арманына айналған мәңгі жас күйінде қалуды армандайды. Балалары, соның ішінде, немересінің аяғына оратылғанын қаламайды. Дегенмен! Тағдыр өзінше шешім қабылдайды. Сөйтіп, бас кейіпкер, әйгілі актер, сүрбойдақ Павел Гуровқа осынау игіліктердің бәрін бір пәсте сыйлай салады. 

Павел – ауқатты адам, сол себепті бүкіл уақытын көңіл көтерумен өткізіп, «үш жетіден» тұратын BMW X6 көлігімен тайраңдағанды өмірінің мәні санайды. Алайда Брянск қаласынан оның осыдан 20 жыл бұрын Мәскеуге барып актер боламын деген мақсатпен тастап керкен ұлы Виктор келіп, бәрін өзгертіп жібереді. Психолог ұлы жалғыз емес, жанында ұлы Влад бар (Гуров бұған дейін немересін бірде-бір рет көрмеген).

Виктор әкесіне мүлде тартпаған. Жолы болмаған беймаза ұл Мәскеуге актриса боламын деген арманның жетегінде отбасын тастап кеткен сұлу әйелін іздеп келген. Алайда ол отбасының басын қолса алмады. Бір жағынан, Брянскіге де қайта оралғысы келмейді. Сөйтіп, ұлымен бірге әкесінің қала сыртындағы қымбат жекежайында тұрақтап қалады.   

Павел Гуровтың жаңа танысқан немересі Владтың бар ермегі – атасымен бірге бәстесіп ұтып кету. Сонымен бірге, еркелігін жүзеге асыру үшін жақындарынан ақша бопсалау. Мәселен, ол үйге жап-жас сұлу балалар дәрігерін шақыртып алу үшін өтірік ауырып қалудан да тайынбайды. 

Қысқасы, мінездері бір-біріне мүлде кереғар отбасы мүшелері бір шаңырақтың астында тұрып жатыр. Аяқ астынан әулет әкесі атанған Павел ұрпақтарына ақыл үйретемін деп әлекке түседі. Оның үстіне, Павелдің ұраны «Көп жасаған – көп біледі». Кейіпкерлердің диалогтары да мінездері сияқты қызықты:

- Мен неге қандаламын? – деп сұрайды немересі атасынан.

- Өйткені кішкентайсың және тыйым салынған жерлерге шығып аласың.

- Ата, сен маған пневматикалық тапанша сатып әперсең қайтеді?

- Сенің тілектеріңді орындай берсем, көп ұзамай алтын балыққа айналамын! 

- Мен, ұлым, қырыққа таяғанда әйелімді тастап кетсең, сен анаңды тастап кеттің, айырманы көріп тұрсың ба?

Виктордың әйелі отбасына қайта орала ма, оның мәңгі бойдақ, қыдырымпаз әкесі Павел Гуровтың ақылы кіре ме?   

9 қаңтардан бастап жұмыс күндері 21.00-де 31 арнада!  


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар