31 арнада – «Бригада»!

18.1.17

Сән-салтанатпен, думандатып өмір сүргенді ұнататын блогер Данияр Жұмаділов жаңа газ құбырының құрылысы жүріп жатқан алаңды өз блогында  жариялау үшін қиырдағы бір өлкеге келеді. Бірақ ол келген жерінде ешқандай да интернет, ұялы телефонға орын жоқ екенін түсінеді. Себебі лагерьде тіпті ұялы байланыс та жоқ болып шығады. Қысқасы, дәулетті әкенің күшімен «асауға тұсау салу» басталып кетті, алайда бұл оңай емес... 

Данияр Жұмаділов – дәулетті ата-ананың ұлы, журналист, танымал блогер, қыдырымпаз. «Болашақ» бағдарламасымен шетелде журналистика және PR мамандығында оқыған, бірақ елге оралуға зауқы соқпай, амалсыз қайтып келген. Барлық жас жеткіншектер сияқты ол бәріне бірден қол жеткізгісі келеді: ірі компанияда барлық жағдайы жасалған, жоғары жалақысы бар, жақсы қызметке орналасқысы келеді, алайда өзі бойкүйез, жауапсыз, жалқау. Сол себепті әзірге мамандықпен жұмыс істемей, жай ғана блог жүргізгісі келеді. Оның бүкіл өмірі қыдырыстарға, саяхатқа, инстаграмға суретке түсуге арналған. Тілі де ащы. Данияр блогы арқылы өмірдің қызығын көрмей, жұмыстан бас алмай тірлік етіп жүрген адамдарды келеке еткенді жаны сүйеді. 

Бір күні, әкесі Марат Табылдиевтің өтінішімен ауылдық жерлерде газ құбырын төсеумен айналысатын бригада жұмыс істеп жатқан жерге аттанады. Оған құбыр тартушылар мен газ жүргізу ісін блогында дәріптеу тапсырылады. Аталған жерге келген Данияр оны ешкім блогер ретінде мойындағысы келмейтінін түсінеді. Ашулы бригадир Жандос Ақылбекұлы мен барлық жұмысшылар бригадасы оны ел қатарлы жұмыс істеуге мәжбүрлеп қояды. 

Телехикаяда Даниярдан өзге де кейіпкерлердің образы өте қызықты. 

Лагерьде газ құбырын жүргізу жұмысы қайнап жатқан уақытта газ магистраліне жақын маңдағы тасжолда Айдын есімді беймаза, іші тар, ашкөз, дене бітімі толықша келген маи қызметкері өз напақасын тауып тұрады. Лагердің маңында тасжол бар, ал төбешікте «40» деген жылдамдықтан аспау керек деген ескертпе тұр. Алайда жүргізушілер әдетте оны байқамай, жылдамдықты асырып жібереді. Сол сәтте күтпеген жерден ала таяғымен Айдын атып шығады.

Даниярдың бастығы – қаһарлы, қатыгез бригадир Жандос Ақылбекұлы, шын мәнінде, әйелжанды біреу. Әйелі келген уақытта қаһарлы командир кенеттен биязы мінезді, қойдан жуас адамға айналып шыға келеді. 

Картинадағы көріністер бірде күлкілі, бірде ой саларлық болса, бірде белгісіз, көзге көрінбейтін күштермен байланысты. Сюжеттің өзі шытырман, кейіпкерлер кейде аса қиын жайттардан шығудың жолын іздейді. Мұндай сынаққа Данияр төзе ала ма? Ал әкесі оған құрылыс біткенше шыдап, далалықта жүріп беретін болса, ары қарай шетелде оқуға рұқсат етіп, ақшасын төлеймін деп уәде берген. 

 

Жұмыс күндері 14.05-те 31 арнадан көріңіздер!


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар