31 арнада «Жұлдызды жауын» жалғасады!

19.1.17

жайындағы сенсациялық ақпараттар! Бағдарламаның тұсауы былтыр мамыр айында кесілген. Содан бері аз уақыт ішінде ол еліміздегі ең танымал, рейтінгі жоғары бағдарламалардың біріне айналды. 

- Жаңа маусымда жаңа бейнелер ашылады, - дейді Анна Данченко. – Басқа да өмірі қызықты тұлғаларды, соның ішінде спорт саласының чемпиондарын, ұмыт қалған қазақ эстрадасы жұлдыздарын іздеп тауып, көзден кеткен жұлдыздардың қайда, не істеп жүргенін, қазір қалай өмір сүріп жатқанын анықтаймыз. Әлбетте, салтанатты шараларды, тойларды, туған күндер мен түрлі мерекелерді айналып өтпейміз... 

- Құдайға шүкір, біздің команданы жұлдыздар қатты құрметтейді,- деп сөзін жалғады Анна. – Былтыр, бірінші және екінші маусымда эксклюзивті материалдарымыз көп болды. Мәселен, Мейрамбек Бесбаевтың және Ақбота Керімбекованың туған күніне қатысқан бірден-бір баспасөз өкілі біз болдық. Оның өзінде, бізді журналист ретінде емес, қонақ ретінде шақырды. 

Әзірге бір құпиямызды ашайын – 2017 жылдың көктемінде тағы да ТВ-ның бірден-бір өкілі ретінде Асхат Тарғынның тойына шақыру алдық. Сондықтан эксклюзивті кадрлар күтіңіздер.

«Айта берсін» бағдарламасының командасы бірінші бағдарламаның өзінде қызыққа толы материалдар әзірлеп қойды. Танымал нумеролог Клара Кузденбаева тағы да сұхбат беріп, әңгіме барысында қазақстандық танымал тұлғалардың өмірі жайында қызықты болжамдарымен бөлісті. Айтпақшы, оның былтыр қыркүйек айында Баян Есентаева туралы айтқан болжамы дәл келген болатын. Бұл жолы Анна Данченко одан продюсердің және оның жаңа ғашығының алдағы өмірі туралы сұрады? Баянның тұрмысқа шығып, балалы болатыны рас па?

Қайрат Нұртас па, Төреғали Төреәлі ме? Қай әншінің шығармашылығы ұзаққа созылып, табысты болады деп ойлайсыз? Қайсысы жақын арада сахнамен қоштасады?

Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен бақытты бола ма?

Жұлдыздар тіс жармайтын құпиялар жайында нумеролог Клара Күзденбаева баяндап береді. 

 

4 ақпаннан бастап әр сенбі 21.00-де 31 арнадан көріңіздер! 

Әр жұма 16.00-де қайталау. 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар