Үйлену – оңай, үй болу - қиын! Тұсаукесер! 27 ақпаннан бастап «Женатики» телехикаясы!

8.2.17

Жылдар бойы жұбайыңыздың іштей не ойлайтынын, сізден осы күнге дейін не жасырып келгенін біле алмай қиналып жүрсеңіз, «Женатики» деп аталатын жаңа қазақстандық комедияны тамашалап, серігіңіздің сырын ашуға мүмкіндік алыңыз. 31 арна жылдың ең үздік тұсаукесерін ұсынады! «Городские легенды» телехикаясын жасаушылардан! 27 ақпаннан бастап жұмыс күндері 14.00-де 31 арнада! 

- Айтпақшы, достарыма алдын ала ескертемін, «Женатики» телехикаясының кейбір бөлімдерін әйелдерсіз көрсін, - деп қуланып жымиды продючерлердің бірі, үйлі-баранды болса да апасының айтқанынан шықпайтын жігіттің рөлін сомдауды Сәбит Рахимбаев.

- Біз барлық құпияны жайып саламыз, әйелдердің де еркектердің де сырларын ашамыз. Кейбір тұстарын өз әйеліме көрсеткім келмейді. Өйткені ер адамның әйелінің жанында тұрып қандай да бір жағдайға тап болған кезде не ойлайтынын ашып айтамыз. Бір жағынан комедияны көрген адам аспаннан жерге түсіп, шындыққа мойынсұнып, отбасымен бірге біздің күнделікті өмірден алған әзілдерімізге бір күліп алады, - деп ашылды басты кейіпкер Ваганың рөлін сомдайтын Азим Саидбаев. – Телехикаядан кейін, отбасындағы түрлі оқиғаларды көре келе, өз жанұяма деген құрметім артып, олардан артық жан жоқ екенін түсіндім. 

«Женатики» – «Городские легенды» телехикаясыныңспин-офф нұсқасы.  4 достың оқиғасы баяндалады.  «Городские легенды» фильмінің бас кейіпкерлері Ермек пен Вага өмірлік серіктерін тауып, отбасылы азамат ретінде жаңа өмір бастаған. Алайда олардың ешқайсысы отбасылық өмірдің олар елестеткендей алаңсыз еместігін, өмір өз дегеніне көндіретінін білмейді. көп ұзамай олар өздері сияқты отбасылы Айбынмен және бойдақ, бірақ бір қызға ғашық Тимурмен танысады. Достар қосылып алып, отбасылық-тұрмыстық мәселелерін шешуге көшеді. 

«Женатикидің» режиссері – танымал кәсіби маман Санжар Омаров, продюсерлері – Сабит Рахимбаев және Даут Шайхисламов. Атқарушы  продюсер - Данияр Урманбаев.

- Біздің телехикаяда қазақстандық отбасылардың өмірінен алынған ситуациялық жайттар өте көп. Мәселен, Ермектің әйелі күйеуімен бірге енесінен бөлек шыққысы келеді. Ал Ермек апасына да, әйеліне де жағамын деп, екі оттың ортасында қалады. Мұндай отбасы біздің елде жетіп артылады. Телехикаядан әркім өзін көре алады деп ойлаймын, - деді Даут Шайхисламов. – Мәселен, Ваганың әйелі ашық-шашық киінеді, мен қаладан осындай жұптарды жиі кездестіремін. Айбынның әйелі – өте бейнелі әйел.  Нәзік жанды көрермендеріміз кейіпкерлерге қарап, өздеріне ұқсайтын жандарды көреді.  Жігіттер жағы да талғамдары өздеріне ұқсайтын замандастарының қылықтарын қызықтайды. Олардың бірі ойыншы, ұлды армандап жүр, енді бірі – қызқұмар, ал үшінші – әйелжанды, төртінші кейіпкер достарының қиындықтарын естіп, мүлде үйленуден бас тартқан.  Қысқасын айтқанда, іш пыстырмайды.

- Телехикаяда өмірден алынған күлкілі жайттар көп, - деп әңгімені жалғады Азим Саидбаев. – Менің есімде қалғаны, кейіпкерім Ваганың әйелі ұлдарын Никита деп атағысы келсе, Вага Джафвар деп қоямын дейді. Оның көзімен қарасақ, Мамедов Никита деген адамның есімі болушы ма еді?

- «Женатики» телехикаясын «Секс в большом городе» фильмімен салыстыра аламын. Бұл әйелдерге, не ерлерге арналған фильм емес. Бәрі көруіне болады, - дейді басты рөлдердің бірін сомдайтын актриса Сабина Саякова. -  Бір қарап тұрсаң, бәрі отбасы-ошақ қасындағы мәселер. Алайда күнделікті өмірдің қызығы да шыжығы да сол ұсақ-түйек отбасылық қиындықтар емес пе? Бұл мен түскен алғашқы телехикая. Алғашқы тәжірибем. Жігіттермен жұмыс істеген ұнады. Сондықтан  ол менің ең сүйікті телехикаям болып қалады.

- Телехикая қызықты, өте әсерлі 20 бөлімнен тұрады. Отбасылы да, бойдақ та көрермендеріміз ұнатып қарайды деп сенемін, - дейді Сабит Рахимбаев. - Ұлттық менталитетімізге қатысты көп сәттері бар. Және мұндай телехикаяны бойдақ жігіттер жасап шығаруы мүмкін емес еді. Сондықтан сценаристердің бәрі – үйленгендер. Фильм жастардың да, үлкендердің де көңілінен шықсын деп барымызды салдық.

- Ажырасуға арыз беріп, адамды тастап кету – қиындықты шешудің ең оңай жолы, - дейді Сабина Саякова. – Ал оны шешіп, отбасын сақтап қалуды үйрену – әуресі көп, әрі қызықты іс. Отбасын бақытты етудің кілті – махаббат. Біз оны телехикаяның басынан соңына дейін ту етіп көтеріп шығамыз.

 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар