31 арна және «Мамочки» сіздерге тосынсый әзірледі

21.2.17

31 арна өз көрермендеріне «Мамочки» деп аталатынәйелдер жайындағы ең шынайы телехикаяның үш маусымын тамашалау мүмкіндігін ұсынады. «Мамочки» хикаясының жаңа бөлімдері тосынсыйларға толы.  Қандай екенін жақында білесіздер! 27 ақпаннан бастап жұмыс күндері 22.00-де ана атанған 4 құрбының өмірі қалай өзгеретінін көре аласыздар.  Телехикаяның кейіпкерлерімен бірге сіздер де өмірлеріңізді өзгертіңіздер!

«Мамочки» - жастары отыздан асқанда түнкі сауықкештердің орнын баланың жөргектерімен ауыстырған үш құрбының өмірі жайындағы комедиялық телехикая.  Аня — он айлық сәбидің анасы, ол ана болу және жұбай болудың қиындықтарын енді ғана бастан өткеруді бастайды.  Кейде құрбыларының кеңесі болмаса, шарасыздықтан ақылымнан адасатын шығармын деп ойлайды.  Оның құрбысы Юля — тәжірибелі ана. Үш баласы бар. Отбасындағы күйбең тірліктен шаршағаны сонша, өзіне қарауға күші де, уақыты да жетпейді. Ол өзін балалар, күйеу, отбасы жайында бәрін білемін деп есептейді.  АлВика — жар іздеп жүрген қыз.

Екінші маусымда кейіпкерлерді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Олар өмірлерін түбегейлі өзгертіп, өздеріне басқа қырынан қарауды үйренеді. кейіпкерлердің тосынсыйлары сіздерді бей-жай қалдырмайды! Мәселен, Аня өмірін тәжірибе алаңына айналдырғаны сонша, кейде тығырықтан шығатын жола таба алмай қиналады. Өзін-өзі жоғалтып алған жас ана басқалардың балаларын тәрбиелеп, өз үйіне өзі үй қызметшісі болып жалданып, джинсы шалбармен және жилеткалармен қош айтысады.

Екінші маусым аяқталысымен 31 арна араға уақыт салмай үшінші маусымды бастап кетеді.  Жалғасы бұрынғыдан да қызықты болған. Өйткені алғашқы бөлімдерде жауапсыз сұрақтар көп болды. Жаңа маусымда кейіпкерлер ана болу бақытын сезінгенімен, күнделікті қиындықтардың ішінде шырмалып қалады.Аня (Елена Николаева) мансап жолына түссе, Юля (Светлана Колпакова), керісінше, уақытын отбасылық мәселеерді шешуге арнайды, ал Вика (Александра Булычева) жанкешті ана, сүйікті жардың рөлін өз мойнына алады. Жас «аналардың» өмірі ойламаған жерден өзгеріп, бірі ерекше достар тапса, енді бірі мінсіз нақсүйер тауып қуанады.

- Үшінші маусым екінші маусымға қарағанда әлдеқайда қызықты. Ол шытырман оқиғаларға, құпияларға, күтпеген жайттарға толы.  Кейіпкерлеріміз жаңа қырынан ашылады, - дейді режиссер Андрей Элинсон. – Мәселен, Вика үй шурасын ұршықша иіретін әйел болады, Ал Аня бизнесін дөңгелетеді деп кім ойлаған?  

Көрермендерімізді жақындарымен, достарымен бірге хикаяның жалғасын көруге шақырамыз. Жаңа маусым детективпен басталып, мелодрамамен жалғасып, кеңес кинематографиясының үздік дәстүрімен аяқталады. Әрине, оларды ешқайсысы әзіл-сықақтан кенде емес. Ең бастысы, фильмнің финалы қызықты, күлкілі, шытырман оқиғаларға толы! 


27 ақпаннан бастап жұмыс күндері 22.00-де 31 арнадан тамашалаңыздар! 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар