Қалыңдықтар 31 арнадағы тартысқа дайындалуда!

1.3.17

Ақпан айының басында 31 арнадағы рейтингі ең жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бәйгесі» релити-шоуының үшінші маусымының түсірілімі басталып кетті. Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Сол себепті шоу қызықты болады деген үміттеміз.   

 «Келiндер Бәйгесiнің» үшінші маусымының түсірілімі сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Жаңа шығарылымдардан 31 арнаның көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс амақтарында ұстанатын салт-дәстүрлерге қанығып, қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады.

 - «Келіндер бәйгесі» шоуының алдыңғы екі маусымының жоғары рейтингке ие болуы қазақстандықтардың бұл жобаға қызығушылығы жоғары екенін байқатады, - дейді 31 арнаның Атқарушы продюсері Әсел Тоянова. – Жаңа маусымда да сол жоғары нәтижені ұстап қалады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, реалити-шоудың екінші маусымына Қазақстанның Батыс, шығыс және Солтүстік аймақтарында орналасқан қалаларда, сондай-ақ Павлодар мен Ақтөбеде тұратын қалыңдықтар қатысқан болатын. Шоудың ережесі бойынша, жаңа шығарылым сайын 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барады. Той әртүрлі қалада өтуі мүмкін. Олар бір-бірінің тойына қатысып, ұйымдастыру деңгейіне өз бағаларын береді. Сонымен бірге, жоба аясында арнамыздың көрермендері кәсіби той мамандарының кеңестерін тыңдай алады.

31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, «Келіндер бәйгесі» - шын мәнінде бүкілхалықтық өнім. Оны бүкіл отбасымен көру керек. Жоба арқылы көрермендер кейіпкерлеріміздің өміріндегі ең басты қуанышты бөлісіп, керемет көңіл-күйге бөленіп, Қазақстандағы той өткізу ерекшеліктеріне жан-жақты баға беруге атсалысады.   

 

Мамыр айында 31 арнадан «Келіндер бәйгесінің» жаңа маусымын тамашалаңыздар! 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар