Бурак Озчивит 31 арнаға эксклюзивті сұхбат берді!

3.3.17

31 арнаның жүргізушісі Анна Данеченко Стамбулға барып, әйлігі түрік актері Бурак Озчивиттен эксклюзивті сұхбат алып келді. 11 наурыз күні 21.00-де «Айта берсін» бағдарламасынан аты жер жарған «Өшпес махаббат» телехикаясында басты рөлді сомдаған  көпшіліктің сүйікті актері, сымбатты сері Бурактың жүрекжарды сырына куә болыңыздар.


Бурак Өзчивит «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясында әскер басы Бали Бей, «Сары шымшық» телехикаясында махаббатқа адал Кямрян болып танылған және «Кішкентай құпиялар. Стамбул сырлары», «Еріксіз күйеу» атты фильмдерде ойнаған. «Өшпес махаббатта» ол алғашында кедей шахташы болып, кейіннен басына бақ қонып, дәулетті, табысты адамға айналған Кемаль есімді жігіттің рөлін сомдайды.  31 арна көрермендері 27 ақпаннан бастап 21.00-де осы телехикаяны тамашалап,  Бурактың қайталанбас ойынының куәсі болады. 

2016 жылдың қыркүйегінде Seoul International Drama Awards халықаралық драмалық кино байқауында «Өшпес махаббат» (Kara Sevda) «жылдың ең үздік драмалық телехикаясы» деген атаққа ие болды. Марапаттау шарасына басты рөлді сомдаушы актер Бурак Озчивит пен картина режиссері Хилал Сорал қатысты.   

Телехикаяның сюжеті бойынша тағдыр Кемалға кенеттен тосынсый жасайды. Ол үріп ауызға салғандай Нихан атты сұлу студент қызға ғашық болады. Нихан да оны бір көргеннен ұнатады. Алайда, екі ғашық екі әлемнің өкілі. Бірі – байдың қызы, екіншісі – кедей жігіт.  Бұл хикаядан көрермендер адамның бағы бір сәтте жанып, бір сәтте уысынан сусып кетуы мүмкін екенін, әлеуметтік теңсіздіктің қолыңды жіпсіз байлауы да, күрескер болып қалыптасуға ықпал етуі де мүмкін екенін түсінеді. Телехикая махаббат үшін күрестен ғана емес, адамгершілік, тектілік, адалдық сияқты қасиеттерді де насихаттайды.


Сенбі, 11 наурыз сағат 21.00-де 31 арнадан «Айта берсін» бағдарламасынан Бурак Озчивиттің эксклюзивті сұхбатын көріңіздер!


Жұмыс күндері 21.00-де «Өшпес махаббат» телехикаясын тамашалаңыздар! 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар