13 наурыздан бастап «Сүйгенім бол» жаңа филиппиндік телехикая!

10.3.17

Махаббат пен ғадауат

 

Бір жүректе махаббат пен ғадауат қатар өмір сүруі мүмкін бе? Аяулы сезімнің жетегінде, қас дұшпаныңды кешіру керек пе, жоқ па? 13 наурыздан бастап 10.00-де 31 арнада «Сүйіктім бол» жаңа филиппиндік телехикаясы! 

Пинанг Кристомо – ауылдан шыққан қарапайым филиппиндік бойжеткен. Оның әкесі қарапайым шаруа да, анасы бастауыш сынып мұғалімі. Отбасында салт-дәстүрді бойына сіңіріп өскен қыз Ұлыбританияға барып жұмыс істеп, отбасына қолғабыс болу үшін медбикелік мамандықты меңгеруге бар күшін салып жүр. Оның үстіне, анасын Сингапур депортациялап жібергеннен кейін отбасы ауыр қаржылық жағдайға ұшырайды. Бойжеткен бір күні тағдырдың жазуымен Филипп Оливейра есімді жігітпен танысады, алайда ол анасының бір кезде Сингапурдан қуылуына себеп болған бала болып шығады.

Дәл осы уақытта несие берушілер олардың бар қымбат қазынасы – бұған дейін шығынды өтеу үшін банкке кепілге қойылған әулеттік ферманы босатуын талап етеді. Пинанг ферманы қайтарып алу үшін жанұшырып жүреді. Басына қиын іс түсіп, ата-анасымен ауыртпалықты бірге көтерісіп жүрген жас қыздың жеке өмірі туралы ойлауға мұршасы жоқ. Оған біреумен кездесуге, ғашық болуға болмайды. Бір жағынан, отбасында қатаң тәрбиемен өскен сұлу қыз жұмыста табысқа жетіп, мансапқа қол жеткіземін деп алдына мақсат қояды да, махаббат ісін екінші кезекке ысырып тастайды. Алайда Филиппен кездескен сәтте жүрегі дір ете түседі. Ол өмірінде алғаш рет ғашық болады.   

Бірақ ол Филиптің бір кездері отбасына істеген қиянатын кешіріп, өшпенділікті ұмытып, махаббатқа жол бере ала ма? Кеше ғана ыза мен кекке толған жүректе аяқ астынан махаббат бүр жара ала ма? Бүгінге дейін Филиптің жүзін көргісі келмейтін Пинангқа не болды? Әлде жігітті жақыннан тани түскен сайын сезімі өршіп бара ма? Ал Филиптің негізгі мақсаты – Филиппиндер еліне біржола орналасып, жерлік қызбен шаңырақ көтеріп, отбасын құру. Олардың арасында lovestory болуы мүмкін бе?

13 наурыздан бастап жұмыс күндері 10.00-де 31 арнада!  


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар