Отбасына, әйелдер қауымына арналған бағдарламалар – 31 арнада!

28.3.17

31 арнаның биылғы көктемі ауқымды тұсаукесерлермен басталды және көрермендерді қуантуға, танымдық ақпараттар беріп, жақсы көңіл күй сыйлауға уәде етеді. 31 арнадағы  негізгі көктемгі бастамалар жайында арнамыздың Бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова сөз етті. 

31 арнаның көрермендері көктемді 2016 жылдың ең үздік телехикаясы деп мойындалған түріктің әйгілі «Өшпес махаббат» телехикаясымен бастайды (дүйсенбі – жұма күндері, 21.00). Арнамыздың жүргізушісі Анна Данченко Ыстамбұлға арнайы барып, белгілі актер, телехикаяның басты рөлін сомдаушы Бурак Озчивиттен эксклюзивті сұхбат алып қайтты. Ал 16 наурыз күні Алматыда жанкүйерлер арасында актердің қолтаңбасы қойылған постерлер ойнатылды. 

13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі күндері арасында 14.00-де «Все только начинается» деп аталатын жаңа әйелдер шоуы басталды. Жүргізушісі – Адель Оразалинова. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әйелдерге кез келген бастамада жәрдемдесу, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Ол үшін Адель бағдарламаға дұрыс тамақтану, фитнесс, бала денсаулығы, әйел психологиясы сынды мәселелер жайында кеңес беретін елімізге танымал, белгілі сарапшыларды және өзінің ана болу, тұрмыс құру, отбасын ұстау, бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісетін қазақстандық жұлдыздарды шақырады. Жүргізушінің көмекшілері – Айсұлу Ахимова, Назым Ғаділбек, Аша Матай.  Сондай-ақ 31 арнамен бірге кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде белгілі визажист Ирина Хабер, стилист Лария Джакамбаева, шоумен Фима Иванов, актер, каскадер және танымал блогер Ерден Телемисов.

Бұл еліміздегі ең интерактивті шоу, басты әлеуметтік желілердің барлығында бағдарламаның аккаунты ашылған. Онда көрермендер сұрақтар қалдырып, пікір жазып, шоудың жалпы мазмұнын қалыптастыра алады. Телекөрермендер 31 арнаның тікелей эфирі арқылы, онлайн режимде жоба мамандарымен бірге балаларды өсіреді, артық салмақтан арылады, күледі, жылайды, спортпен шұғылданады, үйді жинайды, өздерін сәндейді, жан дүниелерін байытады, ақыл-кеңес сұрайды, кез келген уақытта жанды толғандырған сұрақтардың жауабын ала алады!  

Нұржан Жалауқызының айтуынша, шоуға бір ер адам анасын алып келген. Бірақ анасы ұялғандықтан, жігіт сарапшыларға оның атынан сұрақтар қойған. Анасын әлі жас деп есептейтін жігіт оған осыны қалай түсіндіруге болатынын сұраған. Анасына спортзалға, театрға бару үшін ақысын төлеуге дайын екенін айтқан. Жобаның психологтары оған апасын қалай рухтандыруға, қалай өмірге деген қызығушылығын арттыруға болатынын айтты.    

Сонымен бірге, ақпан айынан бастап, Анна Данченко жүргізетін «Айта берсін» жобасының үшінші маусымы басталды (әр сенбіде, 21.00-де).  Бағдарлама қазақстандық эстрада жұлдыздарының өмірі мен өнері жайындағы эксклюзивті мәліметтерден тұрады. Сонымен бірге, «Әзіл студио» әзіл-сықақ жобасының 20 эпизоды түсіріліп жатыр. Бұл жолы оның актерлері мен режиссері жаңа. Бұл – күнделікті өмірден алынған күлкілі, шым-шытырық оқиғалардан құралған жоба. 

- 31 арна «Званый ужин» пилоттық жобасын эфирге шығаруға дайындалып жатыр. Біз оны көрермендерге ыңғайлап, «Кім күшті» деп атадық. Қатысушы таңдау байқауында біз, негізінен, үміткердің тамақ дайындау қабілетіне ғана емес, сонымен бірге логикалық ойлау, зияткерлік қасиеттеріне, қонақ күту, дастарқан жаю қабілеттеріне де баса назар аудардық. Бұл бағдарлама арқылы ұлттық асханамыз, қонақ күту мәдениетіміз қалай өзгергенін көрсеткіміз келеді, - дейді Нұржан Мұхамеджанова.

31 арнаның Бас продюсерінің айтуынша, мамыр айында әйлігі «Келіндер бәйгесі» бағдарламасының үшінші маусымы эфирге жол тартады. Түсірілім ақпан айында басталып кеткен. Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған Жаңа шығарылымдардан 31 арнаның көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс амақтарында ұстанатын салт-дәстүрлерге қанығып, қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады.

- «Келіндер бәйгесі» шоуының алдыңғы екі маусымының жоғары рейтингке ие болуы қазақстандықтардың бұл жобаға қызығушылығы жоғары екенін байқатады, - дейді 31 арнаның Атқарушы продюсері Әсел Тоянова. – Жаңа маусымда да сол жоғары нәтижені ұстап қалады деген үміттеміз. 

Естеріңізге сала кетейік, реалити-шоудың екінші маусымына Қазақстанның Батыс, шығыс және Солтүстік аймақтарында орналасқан қалаларда, сондай-ақ Павлодар мен Ақтөбеде тұратын қалыңдықтар қатысқан болатын. Шоудың ережесі бойынша, жаңа шығарылым сайын 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барады. Той әртүрлі қалада өтуі мүмкін. Олар бір-бірінің тойына қатысып, ұйымдастыру деңгейіне өз бағаларын береді. Сонымен бірге, жоба аясында арнамыздың көрермендері кәсіби той мамандарының кеңестерін тыңдай алады. 

- «31 арна» – Қазақстан аумағындағы бірегей контенттерден тұратын ең алғашқы ойын-сауық арнасы. Біздің негізгі аудиториямыз әйелдер қауымынан құралған. Алайда 31 арна – бүкіл отбасына арналған телеарна, - дейді Нұржан Мұхамеджанова. – Біздің арнаның барлық бағдарламаларын балалар ата-аналарымен бірге отырып көре алады. Яғни, арнамыздың жас ерекшелігі ең кішкентай көрермендерді де қамтиды. Бұл 31 арнаның ұстанған саясаты. Біз ары қарай да сапалы жобаларды өмірге әкеліп, көрермендерді қызықтырып, тамаша көңіл-күй сыйлауды жалғастыра бермекпіз. 

Жаңарып-жаңғырып, 31 арнамен бірге көктемді сезініңіздер! Бағдарламаны жіті бақылаңыздар!  


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар