31 арнамен бірге қонақжайлықты сынайық! "Кім күшті" жобасы!

11.4.17

Жақында 31 арнада Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі. Ол – Нұрлан Албанмен бірге “Кім күшті” жобасы. Қазақстандықтардың қаншалықты қонақжай екеніне баға беріңіз. Байқау жеңімпазы 31 арнадан 100 мың теңге сыйлыққа ие болады.

Қазақстандықтар қонақжай халық деген аңыз тараған. Сол себепті аталмыш бағдарламаның авторлары қазіргі таңда елімізде қонақ күту салты қаншалықты өзгергенін тексеріп көруге бел буған.

 «Кім күшті» бағдарламасының əрбір шығарылымына 4 қарапайым тұрғын мен бір елімізге белгілі тұлға қатысады. Олар бір-біріне қонаққа барып, əрбір қатысушының дайындық деңгейіне баға береді. Оларға жүргізуші  Нұрлан Албан көмектеседі. Бағбарлама қызықтырақ болсын деп, жоба авторлары  əртүрлі жастағы, мінезі əрқалай қатысушы таңдаған. Сонымен, алғашқы шығарылымдардың бірінде арнамыздың көрермендері “Диета KZ” тобының əншісі Жасұлан Базарбаевтың қонақжайлығына баға береді.

Үй қожайыны қонақтарға дастарқан жайып, дəмді тамақтар ұсынып қоймай, оларға арнап қызықты ойын-сауық əзірлеуі керек. Ең қонақжай қатысушы деген атаққа ең көп ұпай жинаған адам ие болады. Ол жəне 100 мың теңге сыйлық алады.

- Бағдарламада, негізінен, қатысушының тамақ дайындау шеберлігіне ғана емес, сондай-ақ  логикалық ойлау қабілеті мен интеллектіне назар аударылады, қонақ міз келеді  алу, оларға дастарқан жаю шеберлігі бағаланады, - дейді  31 арнаның Бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова. – Бұл бағдарлама арқылы елімізде қонақ күту салты қалай өзгеріп жатқанын көрсеткіміз келед

 

Жақында! Нұрлан Албанмен  «Кім күшті» бағдарламасы -  31 арнада!


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар