10 сәуірден бастап 31 арнада МЕГА-БАЙҚАУ басталады!

11.4.17

10 сәуірден бастап 31 арнада мега-байқау басталады! 31 арна атынан Түркияға жолдама және басқа да көптеген сыйлықтар ұтып алыңыз! 
Жұмыс күндері арнамыздан «Өшпес махаббат» телехикаясын тамашалап, әр апта сайын сыйлық ұтып алыңыз!


Байқауға қатысу үшін ең қарапайым шарттарды орындасаңыз болғаны: 

1. Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 21.00-де 31 арнадан сүйікті «Өшпес махаббат» («Бесконечная любовь») телехикаясын үзбей қараңыз. 
2. Телехикая барысында экраннан шығатын кілтсөздерді күн сайын бізге жіберіп тұрыңыз. Әрбір бөлімге бар болғаны алты кілтсөз шығады. 
3. Instagram-дағы @31arna немесе Вконтакте-дегі @31kanal  парақшасына жазылып, кілтсөзді жеке хабарлама арқылы жіберіңіз. 
4. Кілтсөз аталмыш бөлім эфирге шыққан күні ғана қабылданады. Сол күні сағат 00:00-ден кейін жіберілген жауаптар байқауға қатыстырылмайды. 
5. Әрбір қатысушыдан күніне 1 жауап қана (3 кілтсөз) қабылданады. 
6. Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында эфирге шыққан бөлімдердегі барлық кілтсөзді (12 сөз) алғаш болып жіберіп үлгерген 3 жеңімпаз әр апта сайын анықталып отырады. 
7. Байқау 2017 жылдың 10 сәуірінен 11 мамырына дейін әр апта сайын өткізіледі. Жеңімпаздар әр жұма сайын жарияланады. 
8. Аптаның барлық жеңімпаздары 31 арнаның атынан бағалы сыйлыққа ие болады. 
9. 12 мамыр күні байқаудың қорытындысы жарияланып, суперсыйлықтар – Түркияға екі адамға арналған 3 жолдама ойнатылады. 
10. Жолдамаға ие болатын жеңімпаздар байқаудың шарттарын орындаған барлық қатысушылар арасында ойнатылып, кездейсоқ тәсілмен анықталады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз! 31 арнаны қарап, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз! Әр апта сайын. 31 арнада!


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар