31 арнаның IV «Демеушілік жөніндегі семинары» өтті

20.4.17

2017 жылдың 12 сәуірінде «Intercontin­ental Almaty» қонақ үйінде «31 арнаның» телевизия саласындағы эксклюзивті шешімдерге арналған IV «Демеушілік жөніндегі семинары» өтті. 

Ғарышкерлер күні мен арнамыздың туған күнінде жарнама нарығындағы серіктестерімізге 31 арнаның жаңа сандық витринасы таныстырылды. Арнамыз заман көшіне ілесіп, контенттерді дамытуға арналған жаңа платформалар енгізуді жалғастырып келеді. Соның ішінде мыналарды ауыз толтырып айтуға болады:

  • «31 арна» ұялы қосымшасы - iOS (iPhone, iPod, iPad)  және Android  операциялық жүйесі бар негізгі смартфондарға қолжетімді.  
  • Samsung және LG smart­-TV-леріне арналған қосымша – телекөрермендер экран арқылы «31 арнаның» контенттерін алғаш рет ешқандай қосымша баптауларсыз және қосалқы сымсыз көре алады. 
  • 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «31 арнаның» ең соңғы әлемдік тенденцияларға сәйкес келетін, су жаңа, жетілдірілген бейнепорталы іске қосылады.   

Digital-ортадағы жетіктерінің арқасында, 31 арна TV + Mobile + SMART TV аудиториясын кеңінен қамтитын кешенді Демеушілік шешім ұсынды. Енді сандық кеңістікте интернет-жарнаманың толыққанды кешенді мүмкіндіктері ұсынылатын болады. 

Сонымен бірге, «31 арна» өзінің жетістіктері туралы баяндап, жүзеге асырылған қызықты демеушілік кейстерімен бөлісті. Сондай-ақ, 2016 жылдың ең белсенді демеушілерін марапаттады. 

31 АРНА – СТАНДАРТТЫҚ ЕМЕС ШЕШІМДЕРДІҢ НОВАТОРЫ ЖӘНЕ ӘРҚАШАН СОЛАЙ БОЛЫП ҚАЛАДЫ.


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар