31 арнада "Уәде беремін" атты жаңа телехикая басталады

18.6.14

31 арна бас директоры Бағдат Қоджахметов:


"Біз өзіміздің мақсатты аудиториямызға бағдарлама таңдауымызға зор мән береміз. Барлық жобалар қатаң сапа тексерісін өтеді, әр жаңа жоба тек фокус-тобының нәтижелері бойынша ғана басталады. Біздің көрермен эфирде көргісі келетін бағдарламаны өзі таңдайды десек те болады. "Сен келерсің" хикаясы сәтті шыққандықтан, біз көреремендерді әрі қарай осындай мелодрамалармен қуантуды жөн көрдік. Бұл бүкіл отбасымен көруге қауіпсіз теленовеллалар. Осылайша, біз отбасының бүкіл мүшелерін 31 арна алдында біріктіргіміз келеді."

"Уәде беремін" - апалы-сіңлілі Бани, Пия және Раноның өмірі туралы теленовелла. Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді. 

Мумбайда Бани Джайға жұмысқа кіріп, ал кіші қыздар жалдаушы шартымен Валияның үйінде тұрады. Үшеуінің де жолдары болып, жұмыстары алға жүреді: Бани жұмысында жоғарылап, Пия қамқоршыларына тұрмысқа шығуға дайындалуда, ал Рано колледжге оқуға түседі. Алайда, Пия жас жігітпен өз тойынан қашып, оның орнына Бани Джайға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған кезде бәрі өзгереді.  Ызаға булыққан қамқоршылары апайы-сіңілілерден кек алуға көшеді. Бірақ, Бани берген уәдесін ұстап, уақыт өте жақсы көріп бара жатқан күйеуін жеңіп шығуға белін бекем буған. 

Оның ақылына, іскерлігіне, мейірімділігі мен қамқорлығына тәнті болған Джай өзі сезбей, Баниды сүйіп қалады. Джайдың өткен өмірдегі құпияларына байланысты, олардың бақыттары ұзаққа бармайды. Бани анасының өліміне Джайдың қатысы бар екенін біледі. Сонымен қатар екеуінің өмірлеріне біреу қастандық жасауды бастайды. Оның кім екенін білуді айқындаған сайын Банидың өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төнеді және берген уәдесін орындау қиынға түседі. 

Бүкіл отбасымен жұмыс күндері сағат 22:00-де 31 арнадан көріңіздер!

маусым, 2014 ж.


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян