Отбасымен шай ішу уақыты

10.7.14

31 арна Уәде беремін хикаясының премьерасына арнлған Ассам шайының арнайы топтамасы шыққанын жариялайды. Сюжет негізінде апалы-сіңлілі үш қыздың әсерлі оқиғасы. Теленовелла үнді киносын сүйетіндерді ғажайып махаббат пен іңкәр сезім әлеміне алып кетеді, ал актерлердің керемет ойыны жүректі тебірентпей қоймайды.

«Уәде беремін» - апалы-сіңлілі Бани, Пия мен Раноның өмірі туралы теленовелла.Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді.

Мумбайда Бани Джайға жұмысқа кіріп, ал кіші қыздар жалдаушы шартымен Валияның үйінде тұрады. Үшеуінің де жолдары болып, жұмыстары алға жүреді: Бани жұмысында жоғарылап, Пия қамқоршыларына тұрмысқа шығуға дайындалуда, ал Рано колледжге оқуға түседі. Алайда, Пия жас жігітпен өз тойынан қашып, оның орнына Бани Джайға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған кезде бәрі өзгереді.  Ызаға булыққан қамқоршылары апайы-сіңілілерден кек алуға көшеді. Бірақ, Бани берген уәдесін ұстап, уақыт өте жақсы көріп бара жатқан күйеуін жеңіп шығуға белін бекем буған.

Оның ақылына, іскерлігіне, мейірімділігі мен қамқорлығына тәнті болған Джай өзі сезбей, Баниды сүйіп қалады. Джайдың өткен өмірдегі құпияларына байланысты, олардың бақыттары ұзаққа бармайды. Бани анасының өліміне Джайдың қатысы бар екенін біледі. Сонымен қатар екеуінің өмірлеріне біреу қастандық жасауды бастайды. Оның кім екенін білуді айқындаған сайын Банидың өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төнеді және берген уәдесін орындау қиынға түседі.

Шиеленіскен оқиғалар, жақындардың сатқындығы мен күтпеген жағдайлар  көрермендердің көңілінен тебірентері сөсзіз. 


"Теленеделя" журналы

маусым, 2014


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян