"Салмақхана" реалити-шоуының кастингі

10.7.14

Осы күзде 31 арнада Қазақстанда бұрын соңды болмаған "Салмақхана" атты жаңа жоба жарық көрмек. Бұл қорқынышты жеңіп, арманға жету жолдары күн сайын тікелей эфирде көрсетілетін жоба. Телеарна бірегей жобада тек қана "көрініп" қалу үшін ғана емес, өз-өзін жеңіп, тәжірибелі кәсіпқойлардың жетекшілігімен артық салмақтан құтылғысы келетіндер үшін кастинг жариялайды.

«Салмақхана» – 31 арнадағы жаңа реалити шоу. Бүкілхалықтық кастингтен өткен қатысушылар 4 ай ішінде топтағы адамдардың салмағы аз дегенде 500 килограммға арықтаулары керек. Мақсаттарына жеткендер 100 000 000 тенгеге ие болады.

Іріктеуде ең басты шынайы өмірлік жағдай мен жаңа өмірді бастауға ерекше құлшыныс есепке алынады. Кастинг Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді. Шоудың кастингіне қатысуға тілек білдірушілер 31 арнаның жаңалықтарын қадағалаулары тиіс.

Сіздің оқиғаңыз шоу продюсерлеріне қызық болса, ол халық игілігіне айналмақ!


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян