Сұлу да дарынды Прачи Десаи

10.7.14

31 арнада «Уәде беремін» атты қазақ тіліндегі жаңа тленовелла көрсетілімі басталды. Бас кейіпкер Банидің рөлін Болливудта бүгінгі күннің ең сұлу әрі дарынды актрисаларының бірі болып танылатын Прачи Десаи сомдайды. Қараторы кербез сұлу енді тек отандастарының ғана емес, қазақстандық көремендердің де көңілін арбайтын болады.

Прачи Гуджарат штатындағы Сурат деген жердікі. Ол Панчагинидегі әулие Иосифтің әйелдер монастырінде оқыған. Одан кейін колледжге түсіп, ондағы үздік студенттер қатарына қосылып, түрлі сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген. Соңғы курстарда Прачидің суреттері киностудияға жіберіледі. Осылайша, 17 жасында бойжеткен оқуды тастап, өзінің керемет актерлік карьерасын бастайды. 2007 жылы «Танцы со звездами» бағдарламасының үндістандық нұсқасына қатысып, мәртебелі бірінші орынды жеңіп алады.

Фильмдерге түспей жүрген күннің өзінде немен айналысарын Прачи жақсы біледі. Ол бірнеше тауар маркаларының жарналамалық бейнесі болып табылады. Гоадағы туризмнің жарнамалық кампаниясының аясында ол кір жуғыш ұнтақ, гигиеналық майлықтар мен америкалық косметика маркасымен жұмыс жасады. Екі жыл бойы актриса  «Taj Mahal Tea» шайының бейнесі боылп табылады. Айтпақшы, 31 арна «Уәде беремін» хикасының премьерасына орай Ассам шымен бірігіп үнді шайының акциялық топтамасын шығарып, ұялы бірліктер, теледидарлар мен Үндістанға саяхат ұтыс ойындарының басталғанын жариялады. Акция туралы www.31.kz сайтынан білуге болады.

Прачи жеке өміріме уақытым жоқ дейді. Бірақ оған Ритик Рошан пен Шахид Капур сияқты қоңырқай жігіттер ұнайтыны белгілі.

«Уәде беремін» хикасяын отбасымен бірге 22:00-де көрейік!


"Панорама ТВ" журанлы,

маусым, 2014


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян