Love телеарнасы 31 арнадан «Нархоз» телехикаясын Ресейде көрсету құқығын сатып алды

22.9.14

Love телеарнасы  31 арнадан  «Нархоз» телехикаясын Ресей аумағында көрсету құқығын сатып алды. Бұл туралы 31 арнаның бас директоры Бағдат Қожахметов жаңа маусым тұсаукесеріне арналған шара барысында жария етті, деп хабарлайды BusinessNews.kz.

«Бұл егеменді Қазақстан тарихында отандық телехикаяны шетелдік телеарнаға сату бойынша жасалған алғашқы келісім. Осыған дейін біздің елімізде түсірілген бірде-бір телехикая, кино және тележобалар жасауда әлемдік көшбасшылардың қатарына кіретін елдің мамандарының қызығушылығын тудырмаған болатын. Ресейлік әріптестеріміз қазақстандық жобаның алғашқы маусымының жетістіктерін көргеннен соң осындай ұйғарымға келіп отыр. Бұл отандық телеиндустрияның даму жолындағы үлкен жетістіктердің бірі. 31 арна өндірген хикая – отандық продюсерлерге ресейлік нарыққа жол ашқан алғашқы қарлығаш болғалы тұр, – деді Бағдат Қожахметов.

Бас директордың айтуынша, телеарна ситкомның жалғасын түсіруге дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Жаңа бөлімдерді жасау бірінші маусымның шығармашылық ұжымына сеніп тапсырылды.

«Соңғы жылдары біздің елде жасалған телетуындылардың сапасы жоғары  дәрежеде. Біз 31 арнада сапалы төл өнімдерді өндіруге,  әсіресе, көрермендер сұранысына ие ситком және шоуларға аса көңіл бөлеміз. Сондықтан біздің телеарнада жасаған хикаяның көрші елдің нарығында сұранысқа ие болуы заңдылық деп ойлаймын», – деді арна басшысы.

Шара барысында Бағдат Қожахметов 31 арна телекөрсетілім рейтингісі бойынша көшбасшы екенін, ұлттық телеарналардың ішінде екінші орында тұрғанын атап өтті.

Ресейлік Love телеарнасы 11 мен 34 жас аралығындағы көрермендерге  бағытталған. Нархоз телехикаясы да осы аудиторияға бейімделіп жасалған отандық өнім.  Қазақстандық тұсаукесері 12 мамырда болған ситкомның сюжеттік желісі алматылық жоғарғы оқу орны студенттерінің айналасында өрбиді.

 


тамыз, 2014

bussinessnews.kz


Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян