Арна жайлы

«31 арна» – жоғары сапалы ұлттық төл өнімдері бар, соның ішінде ақпараттық бағдарламалары жоғары үлесін иеленетін отбасылық көрсетілімге арналған қазақстандық ойын-сауық арнасы. Ол жаңа интертеймент-форматтағы көшбасшы, «А» санатты суперпремьералы киноконтенттің эксклюзивті иесі, «Үздік хикаялар уақыты» және «Үздік үй кинотеатры» желісіндегі үздіктер трендін таратушы. Әрбір көрермен арнаның бағдарламалар кестесінен өзіне керекті хабарды таба алады. 

Бірнеше жыл бойы телеарна Барлығы 6-54 аудиторияның үлесі бойынша ұлттық телехабар таратушылар арасындағы үздік үштіктің қатарында келеді.  

«31 арна» – хабар таратуын 1993 жылы бастаған қазақстандық республикалық барлық отбасыға арналған телеарна. «31 арна» Алматы қаласынан тәулік бойы хабар таратумен айналысады, оның таралу аймағы Қазақстанның 86,94%  көрерменін қамтиды. Телеарна еліміздің көптеген кабельдік және жерсеріктік операторларының пакетіне қосылған. 2008 жылдан бері СТС Media халықаралық холдингінің құрамында жұмыс істеп келеді. «31 арнаның» хабар тарату кестесі төл өнім болып саналатын ойын-сауық және ақпараттық бағдарламалардан, танымал отандық және шетелдік телехикаялар мен ток-шоулардан, голливудтық фильмдерден тұрады.  

Көрермендердің «31 арна» жобалары мен бағдарламаларына деген қызығушылығы күн сайын артып келеді. Ол – заңды. Себебі біздің арнамыз тележобаларының сапасы мен жаңалығына ерекше көңіл бөледі. Кез келген көрермен, мейлі ол бала болсын, мектеп оқушысы немесе студент, үй шаруасындағы әйел болсын, тіпті мемлекеттік қызметкер мен банкир болсын, біздің эфирден өзіне керекті бағдарлама мен фильмді таба алады. Біз адамдарға мереке тарту етеміз, өмірлерін гүлдендіріп, көңілдерін көтеруді мақсат тұтамыз. Күн сайын тек қана «31арнамен» бірге сергіп, көңіл көтеріп, әзілмен астасқан, жеңіл әрі қуанышқа толы бағдарламалар көріп, өзіңізді әсем сезіне аласыз! 

Әр кеш сайын «31 арнада» көрерменнің көз қуанышына айналған көптен күткен үздік телехикаялар басталады. Оларды жұмыс күндері кешкісін отбасымен бірге көруге болады.


Жұма, сенбі және жексенбі күндері «31 арнаның» хабар тарату кестесі әр түрлі жастағы және әрқандай қызығушылықтағы көрермендердің ой-пікірімен санаса отырып жасалған. 

Ойын-сауық шоуларды отбасымен бірге көру – демалыс күннің міндетті ісі. Біз қазақстандықтардың өзіміз өндірген бағдарламаларды көруден ләззат алу тілегін қанағаттандырамыз. Олар біздің бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне де ие. 
 

Арнаның төл өнімдері өз көрермендерімізге арналып жасалды. Олар қазақстандықтардың түсінігі мен ұғымына жақын. «31 арна» өз көрермендеріне тек қана сапалы өнім ұсынады. Сондықтан кез келген жобаға деген, соның ішінде төл өнімге деген талап өте жоғары. Іске тек кәсіби шеберлер ғана кіріседі! Алда әлі талай қызықты жобалар мен отандық шоу-бизнестегі үздік мамандардың тосынсыйлары күтіп тұр.
 
Жағымды, ойын-сауық, көңілді, салмақты, серпінді, отбасылық, қауіпсіз жобалар. Оған қоса көрермен бізді ең үздік отандық арна ретінде қабылдайды. Ең үздік кассалық фильмдер, ең шулы әлемдік премьералар, әйгілі жұлдыздар, әсерлі сюжеттер – тек қана «31 арнада»! «31 арнада» ТМД-дағы «А» санатындағы суперпремьералы кинокөрсетілімдер жинақталған. Біздің киноларымыз қазақстандық телеарналардағы шынымен бірегей көрсетілімдер екенін көрермен жақсы біледі. Бұл бізде дәстүрге айналған. Ал жаңа маусымға одан да зор тосынсый дайындап қойдық. 

Әр төрт сағат сайын балалар мен ата-аналарға арналған мульфильмдер мен жастар телехикаялары. Отбасылық көрсетілімге арналған үздік шетелдік классикалық және замануи анимациялар. 6 жастан жоғары көрермендеріміз үздік мульфильмдер мен анимацияларды тамашалау үшін «31 арнаны» қосады. 12.00 мен 16.00 аралығындағы уақыттың өз аудиториясы бар. 
  

Күн сайын Қазақстанға танымал журналистер ең жылдам және ең өзекті жаңалықтарды көрерменге ұсынады. «31 арнадағы» «Информбюро» – еліміздегі және шетелдердегі ең соңғы жаңалықтар, оқиға орнынан репортаждар және аналитика.  

«Информбюрода» ең маңызды әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңалықтар таратылады. Тәуліктің кез келген уақытында, аптасына жеті күн жаңалықтар журналистері еліміздің әрбір соққан жүрек дүрсілін бақылап отырады. «Информбюрода» ақпаратты шынайы ұсыну, оқиғаны уақытында жеткізу, пікір сан-алуандығы және анық бейнетүсірілім сынды жаңалықтардың басты ұстанымдары сақталған.   
 





Байланыс

  • "Информбюро" жаңалықтар қызметі

    Тел.:  +7 (727) 315 95 31

    E-mail:  informburo@31.kz