Акция ережелері

«Бурабай әзіл-фест» әзіл-сықақ фестивалінің аясында «Тұлпар ұтып ал» промо-акциясына қатысу ережелері


Терминдер мен анықтамалар:

Ұйымдастырушы – акцияны өткізетін және жүлделердің табысталуына жауапты заңды тұлға,«31 арна» ЭСМИ

Телеарна - акцияны өткізетін және жүлделердің табысталуына жауапты заңды тұлға,«31 арна» ЭСМИ

Қызмет –8 777 331 31 31  нөміріне кез келген хабарлама жолдау арқылы ақылы қызметті сатып алу.

Акция – «Бурабай әзіл-фест» әзіл-сықақ фестиваліаясындағы промо-акциясы, оған Қызметке тапсырыс берген кезде қатысуға болады. 

Жоба  – «31 арна» телеарнасында 2016 жылғы 8 қазаннан 26 қарашаға дейін көрсетілетін «Бурабай әзіл-фест» әзіл-сықақ фестивалі.

Акция қатысушысы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жасы 18-ден жоғары, Қызметпен кемінде 1 рет пайдаланған жеке тұлға.


1.        Жалпы ережелер

1.1.   Өткізілу мерзімі:  2016 жылғы 8 қазаннан 26 қарашаны дейін қоса санағанда.

1.2.   Осы ережелер Акцияны өткізу және оған қатысу тәртібін, сондай-ақ жеңімпазды анықтау тәртібі мен механизмін және жүлделерді табыстау тәртібін белгілейді.

1.3.   Осы ережелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген.


2.        Өткізудің жалпы ережелері

2.1.   8 777 331 31 31 нөміріне бірінші хабарлама жолдаған кезде, Акция Қатысушысы Телеарнаның  ресми сайтында жарияланған шарттармен келісіп, Акция ережелерін қабылдайды. 

2.2.   Акцияға «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ желісінің абоненттері қатысады.

2.3.   Қызмет бағасын мобильді операторыңыздан біле аласыз.  

2.4.   Акциядағы жүлдеге ие болу құқығын алу үшін, Акцияның Қатысушылары келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

· жас шектелімі 18 жастан жоғары;

· Қазақстан Республикасының азаматы болу;

2.5.   Ұйымдастырушымен, Телеарнамен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жақын туыстары Акциядан жүлде алу үшін талаптануға құқығы жоқ. 

2.6.   Ұйымдастырушы Телеарнаның www.31.kz ресми сайтында сәйкес хабарландыруды және/немесе өзгертулерді алдын ала орналастырып, Акция шарттарын өзгертуге құқылы.  

2.7.   Акцияның өткізілуі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Акцияның ұйымдастырушысы www.31.kz сайтында немесе басқа дерекнамаларда Акцияның өткізілу мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы хабарландыруды жариялауға немесе тоқтатылуы туралы көпшілікке басқа тәсілмен хабарлауға міндетті.

2.8.   Телеарнажүлделік қордың ұтысқа салынуын осы Ережелерге сәйкес өткізуге және жүлдені Акцияның жеңімпазына табыстауға міндетті.

2.9.Акцияның жеңімпазы анықталғаннан кейін, Акцияның өткізілуін тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату Телеарнаны жүлдені табыстау қажеттілігінен босатпайды.


3.        Акцияға қатысу механикасы және Жеңімпазды анықтау тәртібі

3.1.   Абонент 8 777 331 31 31 нөміріне дұрыс жауап жазылған хабарлама жолдап, сол арқылы қызметке тапсырыс береді де, Акция қатысушысына айналады.

3.2. Әр сенбі сайын 22.00-де «Бурабай әзіл-фест» әзіл-сықақ фестивалі эфирге шығады. Эфир уақытында экранда аттың бейнесі салынған баннер шығады. Баннердің неше рет шыққанын санап, дұрыс жауапты бағдарлама аяқталған соң 8 777 331 31 31 номеріне жіберу керек. Алғашқы дұрыс жауаппен хабарлама  жіберген үш қатысушы келесі кезеңге өтеді. Хабарламалар сағат 22.00-ден 23.30-ға дейін қабылданады. 6 апта бойы жиналған 18 қатысушының арасынан жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.


4.        Қатысушыларға Акцияның шарттары туралы хабарлау тәртібі

4.1.   Қатысушыларға Акцияның шарттары туралы хабарлау Телеарна эфирінде және Телеарнаның ресми сайтында түрлі жарнамалық материалдарды жариялау арқылы жүзеге асырылады.

4.2.   Барлық сұрақтар мен наразылықтар (727) 3152940 телефоны бойынша қабылданып, Акция Ұйымдастырушысының өзімен Телеарнаның атын қоспастан және оның қатысуынсыз шешіледі.

 

5.        Жүлделік қор және жеңімпазды анықтау тәртібі

5.1.   Акцияның жүлделік қоры Акция басталмас бұрын, Телеарнаның өз қаражаттары есебінен құралады.

5.2. Акцияның жүлдесі – тірі жылқы;

5.3.  Жеңімпазды анықтау тәртібі:

Акцияның Жеңімпазы болып кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

5.4.  Жеңімпазды анықтау нәтижелері www.31.kzсайтында жеңімпаз деректері расталған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей жарияланады.

5.5.  Жүлделік қордың құрылуы және келісілген жүлделердің тапсырылуы үшін бүкіл жауапкершілікті Телеарна атқарады.

5.6.  Акцияның өткізілуіне, жеңімпазды анықтау механикасына, даулар мен наразылықтарды, соның ішінде акция қатысушылары тарапынан да, үшінші тұлғалар тарапынан да, сондай-ақ ҚР өкілетті органдары тарапынан да болған материалдық наразылықтарды шешуге қатысты бүкіл жауапкершілікті Ұйымдастырушы атқарады. 


6.       Жеңімпаздарға хабарлау тәртібі, жүлделерді алудың мерзімі мен орны

6.1.  Акцияның Жеңімпазына ұтыс туралы Телеарна өкілдерінің қоңырау соғуы арқылы хабарланады.

6.2.  Қатысушы жеңімпаз ретінде мойындалуы үшін, ол Телеарна мекен-жайына сәйкестендіру үшін қажетті құжаттарды тапсырады, атап айтқанда:

- акцияға қатысқан номердің жеке тұлғаның атына рәсімделгені туралы растайтын құжаттың көшірмесі;

-  жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6.3.  Қатысушы көрсетілген құжатты Акциядағы ұтыс туралы хабарландыру жасалған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн аралығында тапсыруы тиіс. Егер Телеарнаға қажетті құжат келіп түспесе, ол тапсырылған құжаты Акция талаптарына сәйкес келмейтін жеңімпазға жүлдені беруден бас тартып, Жеңімпаз ретінде жүлде кезегінде тұрған келесі шоу Қатысушысын тану құқығын өзіне қалдырады.

6.4.  Акцияның Жеңімпазы Алматы қаласының тұрғыны болмаған жағдайда, ол жүлдені алу үшін, Алматы қаласына өз қаражаттары есебінен келуі тиіс.

6.5.  Жүлде жеңімпазға құжат тапсырылған сәттен бастап 10 банкілік күн аралығында табысталады. Телеарна жүлдені мерзімінен бұрын беру құқығын өзіне қалдырады.  

 

 


Байланыс

  • "Информбюро" жаңалықтар қызметі

    Тел.:  +7 (727) 315 95 31

    E-mail:  informburo@31.kz