Жоба жайлы

Қарапайым қазақстандықтар туралы әзіл-оспақ - новеллалар!

"Қала аңыздарының" әр топтамасы біз күнде кездестіретін жеке кейіпкерлерге арналған: студенттер, МАИ қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, жасөспірімдер, отбасылық жұптар, қыздар, жұлдыздар және т.б.

 

2 маусым

Жүргізушінің өмірі оңай емес: күндіз Ермек өзін байшыкеш ретінде көрсетіп, әдемі қыздарды апарып салып жүреді, ал кешкісін, желі шыққан доптай, қоғамдық көлікпен үйіне қайтады.  Кейде қожайын Ермекке «мықты» көлігін кешкісін үйге алып кетуге рұқсат етеді. Оның өзінде автокөлік жуу, көлік жөндеу орындарына бару үшін ғана.   Бұл жолы да Ермек түрлі себептермен көлікті үйге алып кетуді өтініп, ағасына келеді, бірақ бай мырза көнер емес. Не істеу керек? Қызбен кездесуді кейінге қалдыруға болмайды. Жоқ, кездесу болады, бірақ кинозалға джиппен емес, автобуспен жетуге тура келеді. Тағы қызығы, бойжеткен құрбысын ертіп келіпті, ал Ермектің қалтасында бар болғаны бес мың теңге ғана бар! Кейіпкердің осы ақша бәріне жетуі керек деген есебі аяқ астынан орындалмай қалады. Қыңыр қыз мейрамханада отырған кезде шай, кофе салатпен бірге бір бөтелке Моет Шандон аққайнарына тапсырыс береді. Ол болмағанда алдыңғы тапсырыстардың құны бес мың теңгеден сәл аздау болып тұрған еді.  Ермектің ойында 4400 теңге, ал мына жердегі есеп 54400 теңге болып кетті. Ермек қобалжи бастайды. Ақырында көп ойланбастан кездесуден қашып кетуге бел буады. Ерлер бөлмесіне барып қайтамын деген сылтаумен жігіт мейрамханадан атып шығып, еркіндікке ұмтылады.   

«Жүгірген кезде ойланған жақсы екен, - деп өзін-өзі  жұбатып қояды Ермек жүгіріп келе жатып. – Қан айналып, миға көп мөлшерде оттегі жетеді, соның арқасында көптеген идеялар туындайды. Жоқ, мен мәселеден қашып келе жатқан жоқпын, өзімнің жүгіргім келіп кетті». 

Бұл шынайы оқиға кез келген жас және жасамыс адамның басынан өтуі мүмкін екені рас. Тек шын өмірде олар мұндай жағдайға тап болса, теледидардың сыртында отырған көрермен сияқты күле алмас еді. Айтпақшы, мейрамханада қалған қыздар даяшыдан қашып кете алмады. Сол себепті көрермен хикая жалғасында олардың 90 мың теңгені қалай төлегені туралы шым-шытырық оқиғаның да куәсі бола алады! 

«Қала аңыздары – 2» афроамерикандыққа сырт келбеті қатты ұқсайтын Әли туралы әзілге құрылған оқиғаларға толы. Оның ЖОО мен әскери коммисариатқа баруы, жас, жаңадан қызмет жолын бастаған журналистің басынан өткен шабанмен байланысты мистикалық оқиға.  Ырым атаулыға сенетін жас кеңсе қызметкері Серік туралы новелла да көп адамға сабақ болады. Екінші маусым жайында бұл айтқандарымыз – теңіздің тамшысындай ғана көңіл сергіткіш жайттар.   


1 маусым


Олардың әрқайсысы аңызға айналдыратын, өмірдің қызықты және мұңды жағдайларымен кездесіп отырады. Телетоптама өзін аңызға айналған қаһарман ретінде көрсетіп, соның ойы мен қылықтарын толық түсіндіретін әңгімеші тарабынан көрсетіледі. Көрермендер теленовеллада жаңа кейіпкерлер мен шақырылған жұлдыздарды көре алады. Солардың ішінде X-factor жобасының қатысушысы Дария Акпарова, әнші Анель Аринова, Нұрлан Қоянбаев және тағы басқалар...

16 миллионнан астам халқы бар Қазақстанның әрбір адамы туралы аңыз құруға болады!

Ақпарат

Идеяның авторы: Дәуіт Шайхисламов, Сәбит Рахимбаев
Режиссері: Ақан Мұсакұлов
Сценарийі: Сәбит Рахимбаев, Руслан Висингериев