Жоба жайлы

15 сəуірден бастап 31 арнада қазақ тіліндегі «Əзіл Студио» əзіл-сықақ бағдарламасының жаңа маусымы эфирге шығады. Қазақстандық көрермендер бұрын-соңды мұндай ішек-сілені қатыратын əзілдерді естіп-көрген емес. Бағдарлама 31 арна көрермендеріне етене таныс, ол алғашқы отандық əзіл-сықақ жобаларының бірі. Жаңа маусым жаңа кейіпкерлерден, күнделікті өмірге қатысты жаңа күлкілі  оқиғалардан тұрады. Олардың барлығы актерлердің шебер ойынымен өріледі. Сюжеттердің сценарийлерін қазақстандық танымал сықақшылар, көңілді тапқыштар командаларының белгілі мүшелері жазған. Ұлттық əзілдерге қанық боласыз! Түсірілімге қазақстандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Нұрлан Еспанов, Асхат Тарғын, Бейбіт Кушкалиев, Mysterions тобы, Жасұлан Базарбаев, Кентал (Талгат Кенжебулатов) бар. Оның үстіне, бағдарлама командасының құрамында елімізде комедия жанрымен танылып жүрген актерлер бар. Соның ішінде 4 жаңа орындаушымен танысасыздар. Олар «Дауыс International» тобының бұрынғы əншісі  Назым Нұртазина, М.Əуезов театрының актрисасы, əнші Лəззат Қалдыбекова, сондай-ақ белгілі шрумен  Данияр Толбасы жəне жас актер  Рысқұл Оралханұлы бар. 20 эпизодтың түсірілімі Алматының əр жерінде өткен, оның ішінде сауда орталықтары, кинотеатрлар, аурухана, мейрамхана, қарапайым пəтер жəне оның асүйінде. Күтпеген жерлерде орын алған тосын оқиғаларға куə болыңыздар

Жоба барлық жастағы көрермендерге арналған. Баладан қартқа дейін тамсанып көріп, бір жасап қалады.

                                                                                         

15 сəуірден бастап -  «Әзiл Студио» 31 арнада!