Жоба жайлы

«Бурабай Әзіл Фест» Ұлттық әзілкештер фестивалінің қыстық ойындары! 

 

31-арна өнер әлемінің майталмандарын жинады. Фестивальдің қатысушылары  арасында танымал әртістермен қатар, өнер шыңын бағындыруға талпынған жастар бар. 16 топ өзара «Үздік театр», «Үздік стендапшы», «Үздік қойылымдар театры» (СТЭМ), «Үздік пародия», «Үздік импровизация», «Үздік музыкалық номер» номинациялары үшін бәйгеге түседі.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушы топтар әзілдің түрлі жанрларында бақ сынасады. Олардың өнерін отандық шоу-бизнес өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында сықақшылар Уәлибек Әбдіраимов, Жүсіп Ақшора, Бауыржан Ибрагимов; Данагүл Темірсұлтанова, Асылбек Боранбай, Нұржан Тутов, сатириктер Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбектер, «Жайдарман» КВН лигасының басшысы Есен Елеукен,  актриса Лидия Каденовалар бар. Фестиваль жетекшісі  - Алмат Сақатов.

Қатысушылармен қатар бір сахнада «ТТТ», «Алдараспан», «Екі езу», «Керемет», «Лимон шоу», «Нысана», «Тамаша», «Шаншар», «Шымкент шоу» театрлары және «Назар аудар» КВН командасы өнер көрсетеді.

Жобаның жүргізушілері - әнші, актриса Айгүл Иманбаева, шоумен Нұрдаулет Шертім.

 

«Бурабай Әзіл-Фест» — күтпеген қызықты сыйлықтар мен күлкіге толы әзілдің мерекесі.



Ақпарат

Елі: Қазақстан
Жылы: 2016