Жоба жайлы

13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 14.00-де 31 арнада нәзік жанды көрермендерге арналған «Все только начинается» деп аталатын жаңа шоу эфирге шығады. Өмірдің әртүрлі саласынан мамандар келіп, 31 арнаның эфирі арқылы әйелдерімізді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді. 


Шоу жүргізушісі Адель Оразалиновамен бірге біздің телекөрермендеріміз емін-еркін, жайланып отырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алады. Сұрақтарға жауап беру үшін Адель бағдарламаға дұрыс тамақтану, фитнесс, бала денсаулығы, әйел психологиясы сынды мәселелер жайында сөз қозғай алатын елімізге танымал, сыйлы сарапшыларды және өзінің ана болу, тұрмыс құру, отбасын ұстау, бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісетін қазақстандық жұлдыздарды шақырады.  


-  Бағдарламаны жасайтын шағын командамыз бар, - дейді Адель Оразалинова. – Әртүрлі саланың мамандары, өз ісінің шеберлері, әйелдер қауымына өзін-өзі тауып, бақытты болуға көмектеседі. Жобаның ең басты ерекшелігі – жүргізушінің көмекшілері Айсұлу Ахимова, Назым Ғаділбек, Аша Матай. Сондай-ақ бізбен бірге кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде белгілі визажист Ирина Хабер, стилист Лария Джакамбаева, шоумен Фима Иванов, актер, каскадер және танымал блогер Ерден Телемисов.


- Бұл еліміздегі ең интерактивті шоу, біз басты әлеуметтік желілердің барлығынан аккаунт аштық, - деп сөзін жалғады Адель. – Сол жерге көрермендеріміз сұрақтар қалдырып, пікір жазып, шоудың жалпы мазмұнын қалыптастыра алады. Біз 31 арнаның тікелей эфирі арқылы, онлайн режимде балаларды өсіреміз, артық салмақтан арыламыз, күлеміз, жылаймыз, спортпен шұғылданамыз, үйді жинаймыз, өзімізді сәндейміз, жан дүниемізді байытамыз, ақыл қосамыз, кез келген уақытта жанды толғандырған сұрақтардың жауабын ала аламыз! 

 

13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 14.00-де 31 арнада!

Ақпарат

Ведущие:
Адель Оразалинова
Айсұлу Ахимова  
Назым Ғаділбек
Аша Матай