31 арна: Келіндер бəйгесінің қалыңдықтары қызу таласқа түсті!

31 арна: Келіндер бəйгесінің қалыңдықтары  қызу таласқа түсті!

04.05.17

15 мамырдан бастап сағат 15.05-те 31 арнада ең рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бəйгесінің» үшінші маусымы экранға жол тартты.


15 мамырдан бастап сағат 15.05-те 31 арнада ең рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бəйгесінің» үшінші маусымы экранға жол тартты. Уақыт өткен сайын шоу сапасы артып, көпұлтты тойлар пайда болып, жобаға қатысушылар саны көбейіп келеді. Тіпті той салты да өзгерген, тойлар уақытында басталып, күйеу мен қалыңдық тілекті отырып тыңдайтын болған.

Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Алайда Алматының қалыңдықтары да қалысқан жоқ! Оңтүстік астанамыз көпұлтты тойларға бай өлке. Мəселен, үшінші маусымда 31 арнаның көрермендері қазақ қызы Əйгерім мен оның сүйіктісі Данияда тұратын Əли есімді түрік жігіттің тойына куə болады. Күйеу жігіт тек ағылшынша сөйлейді. Бойжеткен тойдан соң жұбайымен Еуропаға барып тұрады. Тойдың өзінде қалыңдық үш рет көйлек ауыстырды.  

«Келiндер Байгесi» шоуының бұл маусымында жасы 30-дан асып, өз кəсібін дөңгелетіп отырған қалыңдықар да аз емес. Бұл қыздар  тойларын басынан-аяғына дейін өздері ұйымдастырып, егжей-тегжейлі  ойластырған. Ал ата-аналары салтанатты шараның дайын дастарқанына қонақ болып қана келеді. 

Шоудың өткен маусымында қарсыластардың бір-біріне айтқан сын-ескертпелерін көрген үшінші маусымның қалыңдықтары өз тойларын ұйымдастыру жұмыстарын жіті бақылап, безендіру жұмыстарына, той дастарқанына ерекше көңіл бөлген. Сол себепті үстелге ұсынылған тағамдар дұрысырақ əрі пайдалырақ болған. Қалыңдықтар ұн-нан тағамдарын, майлы астарды азайтып, оның орнына  жеміс-жидектер мен балғын көкөністерден жасалған майонезсіз салаттарды көбейткен. Сонымен бірге «Келiндер Байгесi» жобасын жасаушылар жастардың жанды дауыстағы əндерді ұнататынын айтып өтті. Жанды дауыс демекші, Қазақстан эстрада жұлдыздарының тойда əн салу бағасы – Алматы үшін 2000 АҚШ долларын құраса, аймақтар үшін, ұшу бағасын қосқанда одан да асып түседі.

-  Тағы бір өзгешелік ретінде жаздыгүні тойды табиғат аясында өткізуді атап өткім келеді. Мəселен, менің есімде еуропалық стильдегі бір той қалыпты. Жас жұбайлар далаға шатырлар тігіп, фуршет ұйымдастырып, тойдың бірінші бөлігін сонда өткізді, - дейді 31 арнадағы«Келiндер Байгесi» шоуының атқарушы продюсері Ерке Байжігітова. -  Корейлердің тойы да ерекше есте қалды, қонақтар конкурстарға белсенді қатысты, сол себепті той өте көңілді өтті. Тағы да байқағанымыз, облыстарда үйлену тойына шақырылатын қонақтар саны Алматы мен Астанаға қарағанда əлдеқайда көп, 300-ден 600-700 адамға дейін жетеді.

Естеріңізге салсақ, реалити-шоудың ережесі бойынша, 4 қатысушы өз қарсыластарының тойларына қатысып, оның ұйымдастыру деңгейіне, келіннің образына, той көйлегінің ерекшелігі мен қалыңдықтың сұлулығына баға береді. Сондай-ақ шығарылымды тамашалаған 31 арна көрермендері кəсіби мамандардан келелі кеңес алып, ұлан-асырдың тойды қалай ұйымдастыруға болатынын үйренеді. «Келіндер бәйгесі» шоуының жеңімпазы 31 арнадан той сыйлығы – екі адамға арналған бал ацына жолдамаға ие болады.

 

            15 мамырдан бастап сағат 15.05-те 31 арнада «Келіндер бəйгесінің» үшінші маусымы!


Расскажите друзьям

Вернуться к списку новостей

Жаңа бейнебаян

Похожий проект

Восьмидесятые