31 арна: Келіндер бəйгесінің қалыңдықтары қызу таласқа түсті! 2145

15 мамырдан бастап сағат 15.05-те 31 арнада ең рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бəйгесінің» үшінші маусымы экранға жол тартты.

Ұлы аңызға айналған "Жау жүрек Ертұғрыл" 520

Дс-бс аралығында 00.00-де "Жау жүрек Ертұғрыл"

31 арнамен бірге қонақжайлықты сынайық! "Кім күшті" жобасы!

Жақында 31 арнада Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі.

Отбасына, әйелдер қауымына арналған бағдарламалар – 31 арнада!

31 арнаның биылғы көктемі ауқымды тұсаукесерлермен басталды және көрермендерді қуантуға, танымдық ақпараттар беріп, жақсы көңіл күй сыйлауға уәде етеді.

Кастинг Келіндер бәйгесі 4
Видео

26.05.2017

Алматы облысында толассыз жауған жауын кесірінен екі бірдей ауылды су басып қалды

Алматы облысында толассыз жауған жауын кесірінен екі бірдей ауылды су басып, адамдар далаға шыға алмай қалды. Панфилов ауданындағы Әулиеағаш және Көктал ауылдарындағы 12 үй және 53 аула жаңбыр суының астында қалған.

26.05.2017

Қытай медиасында қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше

Қытай медиасында қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Сол жақтағы радио және телеарналар қандастарымыздың көз айымына айналған. Тәулік бойы ана тілімізде хабар тарататын электронды ақпарат құралдары әсіресе Шыңжаңда жақсы дамыған.

26.05.2017

Алматыдағы ардагер футболшылар мен қалалық футбол федерациясы арасында дау шықты

Алматыдағы ардагер футболшылар мен қалалық футбол федерациясы арасында дау шықты. Құрылғанына 10 жылдан асқан ардагерлер лигасы жыл сайын федерацияға миллиондаған жарна төлеп келдік дейді. Түрлі кикілжіңнен кейін жасы егде тартқан футболшылар бөлек отау тігіп, қоғамдық бірлестік құрған. Кезінде түрлі командаларда доп теуіп, талай мәрте жүлде алған ардагер футболшылар халықаралық футбол федерациясының ережелері мен талаптарына бағынады. Алайда 20 шақты команданың ойындарына қалалық федерация төреші бермейді деп ренжиді.

26.05.2017

Астанада жедел жәрдем бригадалары арасындағы республикалық байқау өтті

«Алтын сағат» үшін жанталас. Астанада жедел жәрдем бригадалары арасындағы республикалық байқау өтті. Әртүрлі жағдайға тап болған адамдарға алғашқы сағатта көмек көрсетуге асығатын дәрігерлер білімдері мен біліктерін іс жүзінде дәлелдеді.

26.05.2017

Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыс жеңімпаздары марапатталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыс жеңімпаздары марапатталды. Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған үлкен шараның басты мақсаты бір шаңырақ астында берік отбасын құру арқылы берекелі өмірді насихаттау болып табылады. Облыстан оза шапқан екі отбасыға 250 мың теңгеден сыйақы төленіп, оған қоса, республикалық сайысқа жолдама табысталды. Ал қалған барлық қатысушыларға облыс әкімінің мақтау грамотасы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

26.05.2017

НАТО-ның кезекті саммиті бір миллиард еуродан астам қаржы жұмсалып салынған су жаңа ғимаратта өтті

Бельгияда НАТО-ның кезекті саммиті бір миллиард еуродан астам қаржы жұмсалып, 20 жыл бойы салынған су жаңа ғимаратта өтті. Бірақ, әлемнің көшбасшылары бас қосқан кездесу көтерілген мәселелердің өзектілігімен емес, АҚШ президентінің жүріс-тұрысымен назарға ілікті.

18.04.2017

"Кухня" телесериалы қайта оралды!

Дс-Бс аралығында 19.00-де "Кухня" телесериалы 31 арнада!

27.04.2017

Жаңа кейіпкер! Жаңа әзілдер! Жаңа маусым!

Мамыр айынан бастап "Әзәл студио" көрерменге жол тартады!

17.05.2017

Ұлы аңызға айналған "Жау жүрек Ертұғрыл"

Дс-бс аралығында 00.00-де "Жау жүрек Ертұғрыл"

26.05.2017

Алматыда жалғызбасты қарттарды өлтіріп, пәтерлерін сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда жалғызбасты қарттарды жауыздықпен өлтіріп, пәтерлерін өз аттарына заңсыз рәсімдеп, сатумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды. Бұл жөнінде бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ұйымдасқан топтың 45-ке жуық қылмыстық іске қатысы бар болуы мүмкін.

26.05.2017

Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Ақтөбеде соңғы қоңырауда оқушыларды тыс қалдырып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты күткен мектептен шу шықты. Салтанатты жиынға балалары шақырылмай қалған ата-аналар бүгін өкпелерін айтты. Ата-аналардың сөзінше, оқушыларды алалаған мектеп кешегі жиынға тек үздіктерін ғана шақырған екен. Ал қалалық білім бөлімі болса бұл жағдайды мектепте баланың көптігімен түсіндіріп отыр.

26.05.2017

ЭКСПО-ға қарсаңында шенеуніктер қонақтардың алдында ұятқа қалмас үшін жанталасып жатыр

Жарнамасы жер жарған ЭКСПО-ға бар-жоғы екі ақ апта қалғанда, шенеуніктер шетелдік қонақтардың алдында ұятқа қалмас үшін жанталасып жатыр. Қонақжай шенділер Елорданың әдемілігін туристерге паш ету үшін, Астананы қоқыстан тазартып, лас көшелерді қолмен жуып, ал қираудың алдында тұрған ескі үйлерді биік қоршаумен жауып тастаған. Көшеде полицейлер қаптап, бұрын-соңды болмаған орындықтар пайда болды. ЭКСПО-ның тұсаукесері алдында Гүлбану Әниятқызы қаланы аралап, әзірлігін бақылап қайтқан еді.

26.05.2017

Филиппин мемлекеті Сирияның қасіретін бастан кешіруі мүмкін

Филиппин мемлекеті Сирияның қасіретін бастан кешіруі мүмкін. Қазір мұнда ДАИШ содырлары мен билік әскері арасында ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Аймақта соғыс жағдайы жарияланып, Марави қаласының мыңдаған тұрғыны қауіпсіз жерге бас сауғалап кетті.

26.05.2017

Жұлдыздар жарқырайды: Сұранысқа ие хит ән мен әнші кім?

Соңғы уақытта халықтың аузында жүрген хит әндерді дәл қазір халықпен бірге саралап көрейік. Сонымен ең сұранысқа ие хит ән мен әнші қайсы? Осы сұрақтың жауабын алу үшін ел көп шоғырланатын орындарға бардық.

25.05.2017

Ақтөбеде мектеп мұғалімінен оңбай таяқ жедім деген 65 жастағы қарт ауруханаға түсті

Ол 30 жастағы дене шынықтыру пәні ұстазының соққысынан бас-ми жарақатын алдым деп отыр. Ақсақал нұсқаған, Мәртөк ауданына қарасты Хлебодар орта мектебінің кейбір мұғалімдері де дене тәрбиесі пәнінен сабақ беретін ұстаздың бұған дейін де бұзақылық әрекеттерге барғанын айтады.

25.05.2017

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу қажет

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу қажет. Бүгін Сенат депутаттары Қорғаныс министрлігіне осындай ұсыныс айтты.

25.05.2017

Алматы облысында жолдан өтпек болған қыздың аяғы асфальтқа жабысып, жүре алмай қалған

Алматы облысында жолдан өтпек болған қыздың аяғы асфальтқа жабысып, жүре алмай қалған. Тіпті көліктердің ортасында қалып қойған бала қорыққанынан жылап жіберген. Абырой болғанда, жаңа төселіп жатқан асфальттан аяғын ала алмай қалған қызды көлік жүргізушісі көтеріп, жолдың екінші бетіне шығарды.

25.05.2017

Қостанай облысындағы киіктерді қорғау үшін құрылған 1 резерват жабылуы мүмкін

Қостанай облысындағы киіктерді қорғау үшін құрылған 1 резерват жабылуы мүмкін. Өйткені, 2 жыл бұрынғы қырғыннан кейін Торғай даласында ақбөкен аз қалған. Бүгін бұл туралы Ауыл шаруашылық министрінің өзі айтты.

31 арна

«31 арна» - Қазақстандағы ең табысты әрі танымал телекомпания

 

«31 арнаға» 20 жыл! Осы жылдар бойы телеарна сапалы тележобаларға, айрықша контент пен іске деген кәсіби көзқарастарының арқасында миллиондаған  көрермендердің ризашылықтары мен серіктестердің сенімін жеңіп алды!

«31 арна» өз көрермендерінің өмірге деген қызуғушылықтарын арттырып, оларға сергектік, белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Көп жылдар бойы арна Барша 6-14 жас аралығындағы көрермендер арасында  жетекші  ұлттық теледидарлар үштігінің қатарында болды.

Бізге ілесіңіз

Бізді көріңіз