Тұрғындар тез арада тіркелмесе, учаскелік полицейлердің келіп есік қағуынан қорқады

Тұрғындар тез арада тіркелмесе, учаскелік полицейлердің келіп есік қағуынан қорқады

10.01.17, 20:08

1303 0

Тұрғылықты жері бар, бірақ үйінің құжаты жоқ, нақтырақ айтқанда рәсімделмеген адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарын  қанша жағалағанымен, сұрақтарына нақты жауап ала алмай жүр. Тез арада тіркелмесе учаскелік полицейлердің келіп есік қағуынан қорқады. Алайда тіркелу мүмкін емес.

 

Қоғамда қызу талқыланып жатқан уақытша тіркеу туралы заң ең әуелі елдімекендерден жер телімдерін сатып алып баспана тұрғызған, алайда құжатын әлі рәсімдеп үлгермеген азаматтарға ауыр тиетін сынды. Себебі баспанасы бар, бірақ тиісті құжаты жоқ азаматтардың әрекеті қандай болатынын халыққа қызмет көрсету орталығындағылар да, көші-қон басқармасындағылар да нақты білмейді. 

 

Мұратбек атай бір жыл бұрын Іле ауданынан жер телімін сатып алып, үй тұрғызыпты. Құрылыс аяқталып, баспана жартылай дайын болғанда отбасымен қоныстанған. Алайда үйдің құжатын жасатып үлгермеген. Тіркеу туралы заңды естігелі маза қашқанын айтады.

 

МҰРАТБЕК, Үй иесі:

- Пропискамыз жоқ, бұл үйге басқа документіміз жоқ. Электричествосының документі бар, жерді сатып алған документ бар. Одан басқа рәсімделген ешқандай документі жоқ. Оны осы алдағы жазға ыңғайлаймыз ба деп отырмыз, оған дейін жағдай қалай болатыны белгісіз.

 

Елімізде Мұратбек сияқты азаматтар мыңдап емес, жүз мыңдап саналады. Тіркеу мәселесі солардың бәрін мазалайды. Біразы нақты жауап іздеп, мамандардың нұсқауын білмекке халыққа қызмет көрсету орталықтарын жағалап жүр. 

 

ҚАЛИЖАН ЕСТЕМЕСОВ, Алматы облысының тұрғыны:

- Тексеріс басталады. Уақытша тіркеуі жоқтарға айыппұл сала бастайды. Тіркелейік десем, басымда құжаттандырылған баспана жоқ. Баспанам бар, құжаты жоқ. Заңдастыруға рұқсат ала алмай отырмын.   

 

Уақытша тіркеуге қатысты Үкімет отырысындағы сыннан кейін түсіндіру жұмыстары күшейгендей. Алматы облысының Ішкі істер департаменті де 

 

Тіркеу туралы алғашында 1 айдан кейін айыппұл сала бастаймыз деген полицейлер қайта құбылып, 7 қаңтардан бастаймыз деп түзетті. Ал бүгін Министр Қасымов тексеріп келген тәртіп сақшылары ақпан айына дейін тек ескертумен шектелетінін мәлімдеді. Алайда үйінің құжаты жоқ азаматтар тез арада баспанасын рәсімдей алмасы анық.

 

Жарас Ниязбек, Ринат Абулхаиров

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян