Тіркеу мәселесіне жауапты министрлікті үкімет басшысы сынап тастады

Тіркеу мәселесіне жауапты министрлікті үкімет басшысы сынап тастады

10.01.17, 20:08

1390 0

Тентіреткен тіркеу. Жаңа жыл басталғалы үйі жоқ жұрт қайда тіркелеміз деп, пәтер жағалағандар  иесінің қас-қабағына қарап, қалғаны халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекте жүр. Террористерді тіркеу арқылы іздеп табамыз деп, бастаманы қабылдап алып, қалғанына бас қатырмаған министрлікті үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін сынап тастады. Тұрғындарды тентіреткен "жаңа тәртіп сауатсыз ұйымдастырылды" деп  ашуланған премьер министр, тіпті  Қасымовты біраз қызартты. Сын астында қалған шенділер не деп ақталып отыр?

 

Тіркеу төңірегіндегі айғай-шу бүгін үкіметке жетті. Бақытжан Сағынтаев алтыншы күн дүрлігіп, халыққа қызмет көрсету орталығын басып алған халықтың ажиотажына министр Қасымовты кінәлады. 

 

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрі:

- У нас закон когда был подписан?

- 28 декабря

- 22 декабря

- Первое разъяснение когда мы дали? Мы дали после того, как пошел ажиотаж в ЦОНах. Мы понимали, что эта норма коснется людей, мы могли 22 числа начать работу по разъяснению (...) Люди просто не знали, что делать, и пошли в ЦОНы"

 

Министрлік тағы төбелестен кейін жұдырық сермеді. Түсіндірген ешкім жоқ, ай жатсаң айыппұл деген соң жұрт жаппай халыққа қызмет көрсету орталығына жүгірді. Сағаттап күткен кезек былай тұрсын, тіркеуге тіршілігі тіреліп тұрғандар орталықта түнеп жүр, тіпті. 

Жақсы, түсіндіру жағы ақсап тұр. Ал ұйымдастыру?! Үкімет басшысы тұрғындарды тентіретпей «онлайн тіркеу» неге жасамадыңдар деп еді, министрліктер бір-біріне сілтеп, соңы бір ай ішінде әзірлеп шығамыз деп әйтеуір уәдемен құтылды. 

 

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

- Этот вопрос мы с МВД отрабатываем. Потому что это не только вопрос НИТа. И вопрос МВД! Меньше через месяц будет эта услуга!

 

- Людей не волнует чья эта компетенция. НИТА, МВД, МИКА еще кого -то там. Люди говорят: государство вы приняли закон мы как законопослушные граждане пришли, регистрироваться. Вот и все!

 

Бұдан кейін шенділер онлайн болмаса да, жадынама таратуды ертеңнен қалдырмаймыз деп қипалақтап қалған еді…

 

Сонымен, Сағынтаевтан сын естіген министрлер басы салбырап бізге шықты. Қолын мезгілінен кеш сермеген Қасымов әзірге бір ай ескертумен шектелеміз деп отыр.

 

ӘЛИЯ ӘШІМ, Тілші:

- Одан кейін тіркеусіз жүргендер де, пәтерін заңсыз жалға бергендер де 23 мыңға жуық айппұл төлейді. Екінші рет тіркелмесе, айыппұл екі есеге өседі. Ал учаскелік инспекторға есік ашпағандарды министрлік басқаша тергемек.

 

Әлия Әшім, Ахмедияр Ілиясов, Еркежан Қамзанова

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян