Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

11.01.17, 20:01

909 0

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы жылдың мамыр айында мексикалық Сауль Альвареспен шаршы алаңда жолығуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат таратқан шетелдік fightnews.com сайты жекпе-жек Техастағы 80 мың адамдық "Даллас Ковбойз" кешенінде өтеді дейді. Басылымның хабарлауынша орта салмақтағы чемпион Альварес жекпе-жекке чемпиондық белбеуін тігіп отыр. Ал Қанат Ислам аталған тұжырымда бесінші сатыда тұр.

 

Жерлесіміз өткен жылдың қазан айында Алматы қаласында ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасып жеңіске жеткен. Ал Сауль Альварес 2016 жылдың қыркүйегінде британиялық Лиама Смитті жеңген. Алайда Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің басты қарсыласы саналады. Қанат Исламмен кездесуі мүмкін деген ақпаратқа дейін "Канело" өз отандасы Кіші Чавеспен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян