Қазақстандық «буынсыз адам» Қытайда өтіп жатқан байқаудың финалына шықты

Қазақстандық «буынсыз адам» Қытайда өтіп жатқан байқаудың финалына шықты

11.01.17, 20:02

1387 0

«Буынсыз адам» деген атпен шыққан цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев Қытайда өтіп жатқан халықаралық "Талант сахнасы" байқауының жартылай финалына шықты. Спорттың қауіпті түрінен Гиннестің жаңа рекордын орнатқысы келетін отандасымыз жеңімпаз атанса 50 мың АҚШ долларына ие болады.

 

Бұл Айдос  Тоқтарбаевтың  қауіпті трюгімен қазылар алқасын таңқалдырып жатқан сәті. Ғаламторды шарлап кеткен әуесқой түсірілімді көрермендердің бірі жариялаған. Әйтпесе, жоба эфирге шықпай тұрып, қатысушыларға  байқаудан сурет немесе видео жариялауға қатаң тыйым салынған екен.

 

АЙДОС  ТОҚТАРБАЕВ, Цирк артисі:

- Орта Азия мемлекеттер арасында басында командалық болып басталған, кейіннен әркім өз бетінше өнер көрсетеді. Көрермендерді, әділқазы алқасын таңқалдыру керек. Сонымен жартылай финалдамыз бұйырса.

 

Жаттығудың үстінен түскен біз де Айдостан «қонақ кәде» сұрадық. Қазір Ван Дамның танымал трюгін қайталайтын цирк артисі, шпагатқа отырып, екі аяғымен көлік сүйрейді. Трюк өте қауіпті.

 

- Бұл көліктің өзінің салмағы шамамен 1 тонна болады. Ал, біз тағы да салмағын ауырлату үшін 50 келі болатын 4 қап цемент салдырттық артына. Одан бөлек тағы міне екі жігіт бар ішінде. Сендердің салмақтарың қаншадан? -64, 60 кг. Ал енді Айдосқа сәттілік тілейміз.

 

- Көліктің рөліне өзім отырып жатырмын. Кілті қолымда. Оталып тұрған жоқ. Айдос дайынсың ба? - Дайынмын.

 

АЙДОС  ТОҚТАРБАЕВ, Цирк артисі:

- Қалай қиын болған жоқ па? - Жоқ, негізгі жоспарда үлкен жүк көлігі болған. Бұйырса алдыңғы көктемде 31 арна көрермендеріне арнап тапсырыс беріп үлкен жүк көлігі автобус сүйресем деген ой бар.

 

Айдостың сөзінше,  шпагатқа отырып үйрену ешқашан кеш емес.  Ол үшін жаттығуды күніне үш төрт рет жарты сағаттай жасау керек. Тұрақты түрде машықтанудың нәтижесі 2 аптадан кейін-ақ көрінеді бастайды. Ал, мамандардың айтуынша, қыз балаға шпагатқа отыру зиянды. Өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігі кемиді. Ал, ер адамға зиян жоқ.

 

Мақсат Толықбай, Ринат Абулхаиров

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян