Алматылық мектеп оқушылары Универсиада кезінде демалысқа шығады

Алматылық мектеп оқушылары Универсиада кезінде демалысқа шығады

11.01.17, 20:03

1168 0

Алматылық мектеп оқушылары Универсиада кезінде демалысқа шығады. Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 200-дей Алматы мектептеріндегі білім алатын 218 мың оқушы 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін мектепке бармайды. Бірақ жоспарланбаған демалысқа байланысты мектеп бағдарламасына қосымша сағат енгізіліп, сабақ кестесі өзгереді.

 

Универсиада кезіндегі демалысқа байланысты алғашқы шыққан ақпарат бойынша оқушылар көктемгі демалыс есебінен сабақтан босатылатыны хабарланған. Алайда қалалық білім басқармасы демалыс тәртібін өзгертіп, халықаралық жарыс кезіндегі демалысты қосымша деп мәлімдеді. Бұл қадамға қала билігі оқушылардың жарысты тамашалап, спортшыларға қолдау білдіруіне жағдай жасау үшін барғанын айтады. 

 

ЛӘЗЗАТ ЖЫЛҚЫБАЕВА, Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Көктемгі демалыс уақыттары 21 наурыздан 2 сәуірді қоса алғанда өзгеріссіз қалады. Қосымша демалыс уақыттарында, универсиада кезінде оқушылар сыныптастарымен, ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен бірге спорттық іс-шараларды көріп қайтуға мүмкіндіктері болады. Бұл іс-тәжірибе әлемде енгізілген. Сол үшін осындай шешімге бардық.    

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян