Оңтүстік Кореяда иттерді етке өткізу үшін фермаларда арнайы асырайды

Оңтүстік Кореяда иттерді етке өткізу үшін фермаларда арнайы асырайды

11.01.17, 20:03

Оңтүстік Кореяда иттерді етке өткізу үшін фермаларда арнайы асырайды екен. Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы осындай бір қожалықтың жұмысын тоқтатып,  құтқарылған 200-ге  жуық итті елден алып кететін болды.    

 

Сеулден 140 шақырым жерде орналасқан бұл қожалық 30 жылдан бері ит асыраумен айналысады екен. Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы енді оларды ұшақпен АҚШ-қа алып кетуді жоспарлап отыр. Құтқарылған иттер Америкада асырап алушыларға табыс етіледі.  Жанашырлар екі жылда осындай шарушылықпен айналысып отырған 6 ферманы жапқан. Алайда, бұл теңіздегі тамшы сияқты. Себебі, иттің етін жақсы көретін Оңтүстік Кореяда мұндай 17 мың қожалық ісін дөңгелетіп отыр.

 

- Оңтүстік Корея иттерді фермада асырап отырған әлемдегі жалғыз мемелекет. Мен Қытай мен Вьетнамда болдым, ол жерде иттің етіне құмарлар қаңғыбас жануарларды көшеден ұстайды.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар