Нөсер жаңбырдан Аргентинаның солтүстік өңірін топан су басып қалды

Нөсер жаңбырдан Аргентинаның солтүстік өңірін топан су басып қалды

11.01.17, 20:04

Нөсер жаңбырдан Аргентинаның солтүстік өңірін топан су басып қалды. Тасқын су тіпті тас жолды жүруге жарамсыз етіп, шайып жіберген. Сол себепті Сальта және ЧИлеСито қалаларында өтуі тиіс "Дакар" ралли-марафонының тоғызыншы кезеңін кейінге шегеруге тура келді. Халықаралық жарыста қазақстандық  «Astana Motosports» командасының екі бірдей экипажы ел намысын қорғауда.

 

Топан су кейбір жерлерде тіпті тұрғын үйлерді де шайып кеткен. Жергілікті билік, төтенше жағдайдан қайтыс болып, жарақат алғандар да бар деп хабарлады. Ал тас пен топырақ араласқан алапат көшкін "Дакар" раллиіне қарасты 892 шақырым жердің 500 шақырымын жарамсыз еткен. Жолды тазарту үшін бірнеше техника жұмылдырылды. Ал спортшылар ауа-райының қолайсыздығынан кідіріп қалды. Биыл "Дакар-2017" Парагвай, Боливия және Аргентина елдері арқылы өтеді.

 

- Түнде ұйықтап жатқанда селден оянып кеттік.  Су қалаға жақындап келеді екен. Бәріміз көпірге қарай қаштық, соның арқасында ғана аман қалдық.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар