Алматы облысының тұрғыны сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптайды

Алматы облысының тұрғыны сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптайды

11.01.17, 20:05

1210 1

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанша жерден қатаң ескертсе де, Қарасай ауданының перзентханасының үстінен шағымданушылар азаяр емес. Арнамыздан көмек сұрап келген Жұлдыз Мамутова аман-есен босанған сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптап отыр. Ал аурухана басшылығы тексерістің қорытындысы шықпай, ешбір дәрігерді кінәлай алмаймыз дейді.

 

Бір жарым ай бұрын Қаскелеңдегі перзентханада нәрестесі шетінеп кеткен Жұлдыз Мамутова болған оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп дейді. Айтуынша, мамандар арнайы тыныс алу аппаратында жатқан баланы ажыратып бақылауға алмақ болады. Бірақ сәби ауыр тыныстап, көзінің маңайы көгере бастағанын көріп, дәрігерлерге жедел хабарласам да, аппаратқа 5 сағат өткеннен кейін ғана жатқызды деп ашынады.

 

ЖҰЛДЫЗ МАМУТОВА, Шетінеген сәбидің анасы:

- Сіз ана жерде тұра тұрыңыз деп кіргізбей қойды. Сосын уақытқа жетпей, 20 минут өткеннен кейін балаңыздың жүрегі тоқтап қалды деп, сүйтіп айтып келіп тұр...

 

Босанғанына қуанып, алты күннен соң кішкентайынан айырылып қалған ана перзентхана дәрігерлері сәби өміріне бейқам қарайды деп қапаланады. Ол күні кезекшілік атқарған маман үйіне кешірім сұрау үшін кісі жібертіп, істі жылы жауып қоюды өтініпті.

 

ЖҰЛДЫЗ МАМУТОВА, Шетінеген сәбидің анасы:

- Маған келмедің бе, мен Марияш Елеуовнадан өзім технично бітіріп беретін едім, моральный ущерб талап етсең, осы жақтан алып берер едім ғой деп айтты.

 

Өткен жылы бір аптада екі сәбидің шетінеуіне байланысты шу көтерілгенде жұмыстан шеттетілген аурухана қызметкері қайтадан оралған екен.

 

- Міне, служба поддержки пациента дейді.

- Конечно, оған ешкім звондамайды.

 

Бірақ жағдай оңалмаған сияқты. Тілшілерді көре салып кіре берісте отырған адамдар да шағым айта жөнелді.

 

- Туайын деп жатқан қатынға заявление жазып, қол қойдырған. 55 мың теңге төлейсің туғаныңа деп.

 

Баласының не себепті шетінеп кеткені жөнінде тілдей анықтама ала алмай шарқ ұрған Жұлдыз прокуратураға шағымданыпты. Ал маман нақты жауап облыстан келеді дейді.

 

ЛӘЗЗАТ ҚОРҒАНБАЕВА, Қарасау аудандық ауруханасы директорының орынбасары:

- Комиссияның жұмысы бүгін соңғы күні, менің білуімше. Біз әлі анықтамасын алған жоқпыз қолымызға. Ол комиссия расследованиесі болып жатқан соң, бізден ешқандай қағаз, анықтама берілмейді.

 

Облыс әкімі Амандық Баталов бұл оқиғадан бір ай бұрын бір аптаның ішінде екі бірдей сәбиі шетінеген перзентхана басшылары мен салаға жауаптыларды сынға алған еді.

 

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, Алматы облысының әкімі (26.10.2016):

- Это значит мы не потому пути идем в целом здровохранения. Я тебе не раз говорил. Ты много высокопарных слов говоришь. Я тебе пять раз сказал. Вместе с твоим курирующим замом.

 

МАНАС ҚАЙЫРТАЙ, Тілші:

- Аурухананың ана мен бала өміріне жауапты маманы бұл мәселеде ешбір дәрігердің кінәсі дәлелденген жоқ дейді. Себебі істі тексерген, қараған комиссияның шешімі әлі шықпаған. Ал Жұлдызды босанған сәтте оған қараған қызметкерлермен беттестіру үшін оларды шақыртуға жұмыс уақытында құзырым жетпейді деп құтылды.

 

Манас Қайыртай, Ринат Абулхаиров

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 1 )

Диляра Розиева 39 дн. назад
иә
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян