Жамбылдағы алып фосфор зауытындағы жарылыс жайында өндіріс орнының басшылары жақ ашпады

Жамбылдағы алып фосфор зауытындағы жарылыс жайында өндіріс орнының басшылары жақ ашпады

11.01.17, 20:05

1319 0

Жамбылдағы алып фосфор зауытындағы болуы мүмкін деген жарылыс жайында өндіріс орнының басшылары жақ ашпады. Төтенше жағдайға қатысты құзырлы органдар да ресми ақпар беруге асықпай отыр. Өйткені аймақтағы ірі химия өндірістік зауытының өз мамандары бар көрінеді. Сол себепті оқиға орнына ешкімнің аттап басуы мүмкін емес.

 

«Қазфосфат» Жамбыл Жаңа Фосфор Өңдеу зауытындағы апатқа қатысты басшылықтан ақпар алу мүмкін болмады. Тек облыс прокуратурасы тілшілерге тілдей түсінік берді.

 

 

Анықталғандай «Қазфосфат» зауытының 7-ші цехінда көлемі 5-10 шаршы метр болатын қышқыл ерітіндісі төгілген. Нәтижесінде бір қызметкер 5 пайыз күйік жарақатын алды. Диагнозы бірінші екінші санаттағы термохимиялық күйік. №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Жаппай жапа шеккендер мен жарақат алғандар және жойқын жарылыс жайындағы ақпарат шындыққа жанаспайды

 

Дегенмен ресми ақпармен оқиға куәгерлерінің айтқаны екі түрлі. Төтенше жағдай орын алған цех маңында болған қызметкерлер жарылыстың жойқын болғанын айтады. Қопарылыстан терезелер түгел сынып, тіпті жер сілкінгендей сезініпті.

 

БАУЫРЖАН САЙЛАУ, Куәгер:

- Біз цехта отырдық,  жұмысымыз замоткіде бағана жарылыс болар кезде. Кәдімгідей жарылыс болды, кәдімгідей жер сілкінісі сияқты болды да. Сөйтіп, терезенің бәрі сынды жан-жақтан, жер бәрі дірілдеді ғой. Далаға шықтық бәріміз, көк түтін боп жатыр екен, сигнализация ойнап.

 

Төтенше жағдайдан 68 жастағы «Қазфосфат» зауытының директоры Леонид Франгулиди ауруханаға  түскен. Айта кетейік, зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар құрайды. Кәсіпорында жаһандық тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфорит шикі-затының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген. Кешегі апатта дәл осындай тың тәсілді өндіріске енгізу кезінде апат болуы бек мүмкін дейді куәгерлер.. 

 

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян