Уақытша тіркеуге байланысты заңнамаға өзгеріс енгізу Ақтөбе полицейлерінің ұсынысы болып шықты

Уақытша тіркеуге байланысты заңнамаға өзгеріс енгізу Ақтөбе полицейлерінің ұсынысы болып шықты

11.01.17, 20:06

Еліміздегі уақытша тіркеуге байланысты заңнамаға өзгеріс енгізу Ақтөбе полицейлерінің ұсынысы болыпты. Өйткені жаздағы террорлық актен кейін жүргізілген тексерістер нәтижесінде шабуыл жасаған террористердің бір де біреуі тұрақты, не уақытша тіркелуде тұрмағандығы белгілі болған. Бүгін Ақтөбе облысының көші-қон полиция басқармасының бастығы осылай деп мәлімет берді. Сонымен бірге тәртіп сақшыларын қала маңындағы саяжайлар да алаңдатады. Өйткені соңғы санақ кезінде осы саяжай тұрғындарының отыз мыңнан астамы мүлдем есепте жоқ болып шыққан.

 

Қазақстандықтардың пікірін екіге жарған уақытша тіркеу туралы заң бойынша Ақтөбенің тәртіп сақшылары бүгін алқашқы тексеруді бастады. Назар - әдетте тұрақты тіркеуде бола бермейтін саяжай тұрғындарында. Алайда бау-бақша кооперативіндегілерді дау тудырған тіркеу мәселесінен гөрі, тұрмыстың тауқыметі көбірек алаңдататын сыңайлы. Қаланың шетінде тұрса да отын, су, жарық, жолдан ада болып отырған тұрғындардың айтар наздары көп. Мәселен мына тұрғын тіркеуді тексеріп келген полицейлерге отынның жоғын айтып, жылады.

 

САМАЛ БИЖАНОВА, Тұрғын:

-   Көмек керек вообще. Отын жоқ, міне. Балаларым таңертең тұрғанда сап - салқын болып тұрады. Жылағанын көбірек бер, Жанар

 

Полицейлердің санақты бау-бақша учаскелерінен бастауы ондағы көп тұрғынның тіркеуде болмай шыққаны себеп-ті. Дегенмен бүгінде сол анықталған тіркеуде жоқ 33 000 тұрғынның 4000-ын әлі таба алмай отырмыз дейді. Ал науқан басталғалы бері облыс бойынша 750 тұрғын уақытша тіркеуге тұрған. Оның 685-і қаланың еншісінде екен.

 

НҰРБОЛАТ ХАЙРУЛЛИН, Ақтөбе облысы Ішкі Істер департаменті көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Себебі, тексеріс барысында азаматтардың аты-жөндерін толық айтпауы, туған жылдарын дұрыс көрсетпеу, сол себепті орталық дерек қордан тексеруге мүмкіншілік болмай отыр.

 

Сонымен қатар полицейлер тұрғындар саяжайдағы үйлерді тұрақты баспанаға айналдырғандары үшін оларға құжаттарды рәсімдеуге асықпайтынын да айтады. Соның салдарынан тіркеуге тұра алмайды. Ал қазір шеттен көшіп келетіндер де осы саяжайдағы ретсіз салынған үйлер мен тіркеусіз тұрғындардың санын көбейтіп отыр дейді. Мәселен Ақтөбе қаласының өзінде 400-ден аса саяжай массиві болса, Алматы қаласының бір ғана Казцик аулында 30-ға жуық, ал Семейдің «Восточныйында» 15 саяжай массиві бар. Яғни, бұл - жалпы республикалық мәселе.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар