Экс-премьер Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды өтінді

Экс-премьер Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды өтінді

11.01.17, 20:09

1247 0

Экс-премьер, бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды өтініп отыр. "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деген бірнеше баппен сотталған экс-шендінің бұл өтініші Қарағанды облысы Абай аудандық сотына түскен. 

 

8 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Ахметов жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бір бөлігін азайту туралы ұсыныс жасаған. Түрмеге қамау мерзімін азайту туралы өтініште "Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарияланған рақымшылыққа" сілтеме жасалған көрінеді. Ұсынысқа Қарабас кентіндегі 159/18 мекемесінің басшысы қол қойыпты. Алайда экс-премьердің өтініші қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодпен 21 адам айыпталған болатын. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты жемқорлық ісіне қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетіп, бұған дейін Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға дейін азайтқан еді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян