«Все только начинается» жобасы

«Все только начинается» жобасы

03.03.17, 15:36

1527 0

13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 14.00-де 31 арнада нәзік жанды көрермендерге арналған «Все только начинается» деп аталатын жаңа шоу эфирге шығады. Өмірдің әртүрлі саласынан мамандар келіп, 31 арнаның эфирі арқылы әйелдерімізді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді. 

Шоу жүргізушісі Адель Оразалиновамен бірге біздің телекөрермендеріміз емін-еркін, жайланып отырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алады. Сұрақтарға жауап беру үшін Адель бағдарламаға дұрыс тамақтану, фитнесс, бала денсаулығы, әйел психологиясы сынды мәселелер жайында сөз қозғай алатын елімізге танымал, сыйлы сарапшыларды және өзінің ана болу, тұрмыс құру, отбасын ұстау, бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісетін қазақстандық жұлдыздарды шақырады.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян